09.10.2018, 19:56 5521

Қызылорда облысыныӊ әкімі елбасы жолдауы аясындағы мақсаттар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді

Биылғы жылды өӊірде "Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы" деп жарияланған болатын. Осы жұмыстардыӊ оӊ нәтиже беруіне орай 2018-2020 жылдарды өӊірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ үш жылдығы деп қайта жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны бойынша жыл басынан бері өӊірлер арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр.

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаев актив жиынында мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Қазақстан халқына жолдауыныӊ негізгі міндеттерін жүзеге асыру жайын айтты.

Іс-шараға онлайн режимінде облыс аудандарыныӊ активтері қатысты.

Жиында әр саланыӊ өкілдері жолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Олардыӊ қатарында "Сыр маржаны" ЖШС бас директоры Мінажадин Утеев, өӊірлік кәсіпкерлер кеӊесініӊ төрағасы Асқар Махамбетов, облыстық медицина орталығыныӊ директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұридин Амитов, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Бақытжан Сайлыбаев және Санкт-Петербург университетініӊ түлегі, "СКЗ-U" зауытыныӊ инженер-технологы Смайылова Жазира ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Аймақ басшысы атап өткендей, тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарып, жаӊа мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мүмкіндігі туды. Қазақстанныӊ халықаралық беделі артып, оныӊ геосаяси рөлініӊ күшеюіне қол жетті.

"Бүгінгі актив жиыны мемлекет басшысыныӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы бойынша алдағы міндеттерді айқындауға арналады. Жаһандану заманында әрбір ұлттыӊ өзін-өзі тануға ұмтылуы - заӊдылық. Осы ретте, Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы Рухани сілкініске жол көрсетуші бағдар ретінде жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаӊғыру үдерістеріне зор серпін берді. Сондықтан, бұл бастаманы әрі қарай жалғастыра отырып, оныӊ аясын жаӊа мазмұнмен және тыӊ бағыттармен толықтыра беретін боламыз",-деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы Жолдаудағы "адами капиталды" дамыту жөніндегі пікірді ерекше атап өтті.

"Заманауи қоғамда әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ сандық емес, сапалық сипаттамалары бірінші орынға қойылады. Қазіргі таӊда экономикалық өсімніӊ және бар құндылықтыӊ негізгі қозғаушы күші - адам, оныӊ білімі мен дағдысы болуы керек. Оныӊ өнімді еӊбек әрекеттері біліміне, дағдысына, тәжірибесіне байланысты болады. Осылайша экономикалық өсімніӊ де жоғары сапасы қамтамасыз етіледі", - деді Қырымбек Елеуұлы.

Мемлекет басшысы бизнесті өркендетудіӊ маӊыздылығын тағы да атап өтіп, қазақстандықтардыӊ басым бөлігін табыспен қамтамасыз етуде оныӊ тиімділігініӊ зор екенін айтты. Биылғы жылды өӊірде "Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы" деп жарияланған болатын. Осы жұмыстардыӊ оӊ нәтиже беруіне орай 2018-2020 жылдарды өӊірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ үш жылдығы деп қайта жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны бойынша жыл басынан бері өӊірлер арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр.

9 айдыӊ қорытындысымен кәсіпкерлік саласында 101 жобаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес несиесі бойынша 52 жобаға кепілдік ұсынылды, гранттық қаржыландыруға 200 млн. теӊге бөлініп, облыстыӊ 224 кәсіпкерініӊ жобасы қолдау тапты. Бұдан басқа, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен микрокредиттер беру үшін 3489 млн. теӊге және облыстық бюджеттен микрокредиттерді ұлғайту үшін 1 млрд. теӊге бөлінді.

Аймақ басшысы өӊірдіӊ басқа да жетістіктерін, әрі қарай шешілуі тиіс мәселелерін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қорытындылай келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев әріптестерін Елбасыныӊ алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны