13.06.2017, 14:48 3412

Қызылорда облысыныӊ әкімі эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауды тапсырды

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен мәжілісте Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерініӊ есебі тыӊдалды

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен мәжілісте Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерініӊ есебі тыӊдалды.

Отырыста үй жануарларында кездесетін аса қауіпті жұқпалы аурулардан алдын алу мәселесі барысы да баяндалды.

- Биыл Париж қаласында өткен ХЭБ Бас Ассамблеясыныӊ 85-сессиясында облыс аусылдан таза аумақ мәртебесін алды. Енді осы мәртебені ұстап тұру үшін бізге барлық тиісті шараларды қабылдап, уақытылы орындалуын қатаӊ бақылауға алу қажет, - деді аймақ басшысы.

Облыстық ветеринария басқармасыныӊ басшысы Ерсұлтан Апетовтіӊ айтуынша, өӊірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында республикалық бюджет есебінен аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу, диагностикалық тексеру жұмыстары жылда тұрақты жүргізіліп келеді. Былтыр еліміздіӊ бірнеше аймағында аса қауіпті жұқпалы аурулардыӊ 149 ошағы тіркелсе, биыл мұныӊ саны 23-ті көрсетіп отыр. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында облыста үстіміздегі жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурудыӊ алдын алуға ветеринариялық препараттар республикалық бюджет есебінен қаралып отыр.

Жиын соӊында облыс әкімі жергілікті жерлерде эпизоотиялық тұрақтылықтыӊ сақталуын қатаӊ бақылауға алуда, жеткізілген ветеринариялық препараттардыӊ талапқа сай сақталуын, алдын ала егу жұмыстарыныӊ сапалы жүргізілуін бақылауда ұстауды ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны