12.10.2017, 17:11 4800

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Президентке арманын айтқан бүлдіршінді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қызылорда облысына сапары барысында Нұрсұлтан Жақсыкелдиев атты 2-ші сынып оқушысы Елбасына Астананы көргісі келетінін айтқан болатын.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қызылорда облысына сапары барысында Нұрсұлтан Жақсыкелдиев атты 2-ші сынып оқушысы Елбасына Астананы көргісі келетінін айтқан болатын.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Президентке арманын айтқан бүлдіршінді қабылдады.

- Біз бүгін ерекше кездесудіӊ куәсі болып отырмыз. Өйткені, Елбасыныӊ Сыр өӊіріне сапары барысында Арал қаласындағы №260 мектепте 2-ші сыныпта оқитын Нұрсұлтан деген баламыз Президентке Елорданы көргісі келетінін жеткізді. Бүгінде теӊіздіӊ тіршілігі қайта жанданды. Балық экспорты жолға қойылды. Халықтыӊ әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Мұныӊ барлығы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттыӊ нәтижесі. Енді, міне, Президентке арманын айтқан, "Астананы көргім келеді" деген бүлдіршінді Елордаға жіберіп жатырмыз. Бұлар тәуелсіз елде өскен еркін ұландар. Айналайын, болашағыӊ жарқын болсын - деді аймақ басшысы.

Шараға қатысып отырған Нұрсұлтанныӊ әжесі Айнагүл Бейсенбаева: "Бұл бала тумысынан зерек, сабақты да жақсы оқиды" - деп немересініӊ алғырлығын айтып өтті. Ал, бала Нұрсұлтанныӊ өзі болса Елбасымен кездесуден алған әсерін достары мен көршілеріне айтқанын жеткізді. Сұлтанбек Алланов, Гүлзат Бөріқұловадай Нұрсұлтанныӊ ата-анасы бала тілегін орындап жатқан Елбасы мен облыс әкіміне алғыстарын білдірді.

- Мен Нұрсұлтан атама "болашақта космонавт болғым келеді. Өйткені, Президенттіӊ өзініӊ самолеті бар. Ижем мен бірге оқитын достарымды самолетпен қыдыртқым келеді. Сіз салған Астананы көргім келеді", деген едім. Бүгін сол арманым орындалатын болды. Мен қуанып отырмын, - дейді Нұрсұлтан бала.

Ол бүкіл отбасымен бірнеше күн бойы еліміздіӊ бас қаласын аралайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны