12.06.2017, 18:13 3460

Қызылорда облысыныӊ әкімі онлайн режимде өткізген жиында ҰБТ сынағына дайындық шаралары пысықталды

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев онлайн режимде жиын өткізіп, онда ҰБТ сынағына дайындық шаралары тағы бір пысықталды. Жиында облыс басшысы аймақ түлектері мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханын талап деӊгейіне сай тапсырып, "Алтын белгі" иегерлері анықталып отырғанын атап өтті.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев онлайн режимде жиын өткізіп, онда ҰБТ сынағына дайындық шаралары тағы бір пысықталды. Жиында облыс басшысы аймақ түлектері мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханын талап деӊгейіне сай тапсырып, "Алтын белгі" иегерлері анықталып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жиында барлық мектептерде жаӊаша формада өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханыныӊ барысы баяндалды, ҰБТ сынағын өз деӊгейінде өткізуге орай барлық қажетті шаралар қолға алынғаны атап өтілді. Айталық, 29 мамырдан басталған мектеп бітірушілердіӊ бес пән бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханы 9 маусым күні Қазақстан тарихы пәнінен алынған емтиханмен аяқталды. Бүгінгі күнге дейінгі емтихан нәтижесі бойынша түлектердіӊ 81,2 пайызы жақсы және өте жақсы деген бағаға тапсырғаны белгілі болып отыр. Ендігі кезекте білім саласыныӊ алдында тұрған басты міндет - жоғары оқу орындарына талаптанған 4194 түлекке ҰБТ сынағын өз деӊгейінде өткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны