22.05.2017, 15:42 4115

Қызылорда облысыныӊ әкімі Садық Мұстафаевқа ұзақ жылғы жемісті еӊбегі үшін ризашылығын білдірді

Сыр өӊірініӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Садық Мұстафаев Қызылорда облысыныӊ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - 19 мамырда Қызылорда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ бұрынғы басшысы, "Қазақстан Республикасыныӊ құрметті спорт қайраткері", "Ауыр атлетика және дзюдодан Қазақстан Республикасына еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасыныӊ спорт шебері", дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші атақтары мен "Құрмет" және "Парасат" ордендерініӊ иегері Садық Мұстафаевты әріптестері жаӊа қызметіне шығарып салды.

Облыс әкімініӊ келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ бұйрығымен Садық Шоӊмұрынұлы жақында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығыныӊ бас директоры болып тағайындалды.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев С. Мұстафаевты жаӊа қызметімен құттықтап, ұзақ жылғы жемісті еӊбегі үшін ризашылығын білдірді.

-Садық Шоӊмұрынұлы еліміздіӊ дене шынықтыру және спорт салаларын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап келеді. Оныӊ тікелей бастамасымен аймақта спорт саласыныӊ материалдық техникалық базасы едәуір нығайды. Облысымыздыӊ көптеген спортшыларыныӊ республикалық және халықаралық деӊгейде үздік болуына, олимпиада жүлдегерлері атануына, сонымен бірге, облыс көлеміндегі кәсіпқой және бұқаралық спортты дамытуға ерекше үлес қосты. Моӊғолия елініӊ олимпиадалық спорт комитетініӊ шешімімен ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Моӊғолияныӊ "Алтын орденімен" марапатталуы ерен еӊбегініӊ елде ғана емес, шет мемлекеттерде де бағалануы деп түсінеміз,-деді Қ.Көшербаев.

Сыр өӊірініӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Садық Мұстафаев Қызылорда облысыныӊ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны