13.05.2017, 17:50 5444

Қызылорда облысыныӊ әкімі шығармашылық қауым өкілдерімен кездесті

Биыл Мырзан Кенжебаев 70 жасқа толады. Аймақ басшысы ақынды мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - 12 мамыр күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ақын әрі жазушы Мырзан Кенжебаев пен оныӊ әріптестерімен кездесті.

Биыл Мырзан Кенжебаев 70 жасқа толады. Аймақ басшысы ақынды мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

- Тарих беттерін парақтасақ Балқы Базар, Тұрмағамбет, Нұртуған, Кете Жүсіп, Шораяқтыӊ Омары секілді жүрегіне жыр жауһарын жинаған Сыр шайырлары бірінен соӊ бірі тізбектеліп кете береді. Осындай таланттар мен дарындарға Сырдарияныӊ табанын жайлап жатқан Арал топырағы да кенде емес. Нұртуған, Жәмет, Көпжасар, Дәріғұлдар дүниеге келген киелі топырақтан Ибдіжәміл Нұрпейіс, Молдахмет Қаназ, Ибдіраштыӊ Жарасқаны, Қуаныш Жиенбай, Шөмішбай Сариев секілді арналы ақындар мен жазушылар түледі. Осылардыӊ арасынан сырлы жырларымен оқырманыныӊ сүйіктісіне айналған Мырзан Сахиұлын да бөліп айтуға болады,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мырзан Кенжебаевқа аймақ экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысыныӊ Құрмет грамотасы табысталды. Содан соӊ Мырзан Сахиұлын әріптестері, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, "Құрмет" орденініӊ иегері Есенғали Раушанов пен ҚР Жазушылар Одағыныӊ мүшесі Мереке Құлкенов құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны