10.05.2017, 15:50 3851

Қызылорда облысыныӊ әкімі Ұлы Жеӊіс күні мерекесімен құттықтады

Сіздердіӊ және ерлігімен есімдері тарих парағына жазылған батыр бабалардыӊ алдында өлшеусіз қарыздармыз. Майдан даласында қаза тапқандардыӊ рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.

Қызылорда. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Ұлы Жеӊіс күні мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеӊіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі жоғары әскер құру керек" деген ұстанымына сәйкес елімізде ұлттық әскердіӊ сапасын арттыруға оӊ өзгерістер мен тыӊ бетбұрыстар жасалуда. Халқымызда "Ер - елініӊ қорғаны" деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардыӊ ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.

9 мамыр мерекесі - жанқияр ерліктіӊ, еӊселі елдіктіӊ рухы өрлеп, жеӊіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырыныӊ берік, еӊсеміздіӊ биік болуы да, еліміздіӊ өркендеуі де батыр бабаларымыздыӊ ұлы ерліктерініӊ жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Сондықтан, осынау ерлікке толы күн тарихымыздыӊ мәӊгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Қадірлі ардагерлер!

Сіздердіӊ және ерлігімен есімдері тарих парағына жазылған батыр бабалардыӊ алдында өлшеусіз қарыздармыз. Майдан даласында қаза тапқандардыӊ рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Елбасымыз майданнан оралмаған жауынгерлеріміздіӊ есімдерін мәӊгі ел есінде сақтауда және арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еӊбеккерлерін ардақтауда әрқашан мемлекеттіӊ қамқорлығы болатынын айтып, жарқын бастамаларға жол ашып келеді.

Осынау айтулы мерекеде отбасыларыӊызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Құрметпен, Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ",- делінген құттықтауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны