20.04.2017, 15:12 5481

Қызылорда облысыныӊ әкімі жапон елшісіне ұзақ мерзімді әріптестік байланысы үшін ризашылығын білдірді

Кеше Қызылорда облысына Жапонияныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Қызылорда облысына Жапонияныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Елші аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, Қызылорда қаласыныӊ сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, содан соӊ облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкімі Итиро Кавабатаға ұзақ мерзімді әріптестік байланысы үшін ризашылығын білдірді.

- Елімізде жуырда басталатын "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Қызылорда облысы белсенді атсалыспақ. Аймақтағы "Байқоӊыр" ғарыш айлағы мен "Қорқыт Ата" мемориалдық кешені туристік нысандар тізіміне енгізілген. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізді және жапон халқыныӊ өкілдерін көрме барысында Сыр еліне келіп-қайтуға шақырамын,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Қызылорда облысында инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғандығын жеткізді.

Ал бүгін Итиро Кавабата бастаған жапон делегациясы Байқоӊыр айлағында "СОЮЗ-МС" ғарыш кемесініӊ ұшырылуына қатысып, "Қорқыт Ата" мемориалдық кешенініӊ жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны