16.05.2017, 17:41 4751

Қызылорда облысыныӊ әкімі жазушы, әдебиет сыншысы Бақыт Сарбалаевты 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Биыл жазушы, әдебиет сыншысы, Қазақстан Журналистер одағы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлықтарыныӊ лауреаты Бақыт Сарбалаев мерейлі 70 жасқа келіп отыр. Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесімен кездесіп, құттықтады.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Биыл жазушы, әдебиет сыншысы, Қазақстан Журналистер одағы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлықтарыныӊ лауреаты Бақыт Сарбалаев мерейлі 70 жасқа келіп отыр. Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесімен кездесіп, құттықтады.

-2007 жылдан Бақыт Тұрсынұлы тікелей өзініӊ бастамасымен "Сын" әдеби-сын журналыныӊ негізін қалап, осы басылымға басшылық етіп келеді. Қаламгердіӊ "Қызыл алма" әдеби-сын мақалаларыныӊ жинағы, "Ел мен Елбасы" атты кітаптары шықты. "Ақиқат алдында", "Өткірдіӊ жүзі", "Жиырма бес", "Бес мүшел", "Шандоз сөздіӊ шаһы" секілді әдеби-сын еӊбектері оқырман қауым тарапынан жоғары дәрежеде бағаланды. Осы орайда бір тоқталатын жәйт, Қызылорда облысы әкімдігініӊ қолдауымен шыққан көптомдық "Сырдария кітапханасы" сериясымен қаламгердіӊ "Көккесене" әдеби-сын кітабы жарыққа шықты. Бақыт Тұрсынұлыныӊ әдебиет әлеміндегі өлшеусіз еӊбегін қасиетті Қаратау мен киелі Сыр топырағыныӊ жұртшылығы әрқашан мақтан тұтады,-деген аймақ басшысы мерейтой иесіне Қызылорда облысыныӊ Құрмет Грамотасын табыс етіп, иығына шапан жапты.

Сондай-ақ, мерейтой иесін филология ғылымдарыныӊ докторы, профессор Құлбек Ергөбек құттықтады. Өз кезегінде Б.Сарбалаев ыстық ықыласын білдірген жерлестеріне ризашылығын жеткізді.

Идебиет сыншысы Қызылордада екі күн болады. И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада "Талмас талант иесі" атты шығармашылық кеші өтті, ал 16 мамырда қаламгердіӊ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ және "Болашақ" университетініӊ студенттерімен кездесуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны