03.03.2017, 22:10 6420

Қызылорда облысыныӊ әкімі жергілікті полиция қызметініӊ дайындығын тексеріп, 11 автокөліктіӊ кілтін табыстады

Қызылорда облысыныӊ әкімі жергілікті полиция қызметініӊ дайындығын тексеріп, 11 автокөліктіӊ кілтін табыстады

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - 2 наурыз күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті полиция қызметініӊ дайындығын тексеріп, 11 автокөліктіӊ кілтін табыстады. Олар - 2 автобус, 2 "Газель", сондай-ақ "Нива" маркалы 7 автокөлік аудандық ішкі істер бөлімдеріне табысталды.

- Соӊғы 4 жылда ішкі істер органдарыныӊ материалдық-техникалық базасын нығайту мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 5,7 млрд. теӊгеден аса қаржы бөлінді. Оныӊ ішінде, департаменттіӊ "Жедел басқару орталығы" толық жаӊғыртылып, іске қосылды. Көшелер мен тұрғын үй аулалары және адамдар көп шоғырланатын жерлерге бейнебақылау камералары орнатылды. Жол-патрульдік полиция құрылымы арнайы құрылғылармен жабдықталған 130 қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Бүгінгі тапсырғалы отырған жаӊа автокөліктер алдағы уақытта полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресті қарқынды жалғастыруға, тұрғындардыӊ тыныш та, уайымсыз өмір сүруіне өз септігін тигізіп, жұмыс сапасын арттыра түседі деген сенімдемін,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Қызылорда облысы ІІД қызметкерлерініӊ жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және кәсіби қызметтік дайындықтарымен танысты.

Жалпы алғанда, облыста криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыста өткен жылы тіркелген қылмыс саны 20 пайызға төмендеген, бұл - еліміз бойынша өте жақсы көрсеткіш. Қылмыстыӊ азаюын барлық бағыт бойынша байқауға болады. Мәселен, ауыр қылмыс 10 пайыз, ұрлық 12 пайыз, бұзақылық 46 пайыз, алаяқтық 30 пайыз, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 21 пайызға төмендеп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны