29.02.2008, 12:57 1435

Қызылорда облысының әкімшілігі тікұшақ апатының салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Қызылорда облысының әкімшілігі тікұшақ апатының салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Қызылорда. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының әкімшілігі атынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бейбіт Жүсіпов кеше кешке әкімшілікте өткен баспасөз мәслихатында Жалағаш ауданының аумағындағы ҚР ТЖМ "Казавиаспастың" мекемесінің МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 40 минутта Қызылорда облысы әкімінің аппаратына Арал, Қазалы, Жалағаш және Қармақшы аудандарындағы жағаны нығайту жұмыстарын тексеру үшін ұшып шыққан тікұшақтың құлағандығы туралы ақпарат келіп түсті. Тікұшақтың бортында 18 адам болған, соның ішінде облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Төтенше жағдайлар қызметінің, су шаруашылығы депаратментінің бастығы, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен журналистер болған",- деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Апат салдарынан бес адам: облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов, ҚР ТЖМ полковнигі Нұрлан Құмаров, экипаж командирі Фахрадин Оңғарбаев пен экипаж мүшесі Ғалым Нұрмағамбетов қайтыс болды",- деді Б. Жүсіпов.

Дәрігерлер бес адамның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Зардап шеккендердің ахуалына байланысты тасымалдауда туындаған проблемалар салдарынан олар Жалағаш аулының аудандық ауруханасында жатыр. Ахуалдары қанағаттанарлық деп бағаланған басқалары облыстық медицина орталығына жіберілген. Олардың ішінде көптеген жарақаттар алған облыс әкімі де бар. Дәрігерлердің пайымдауынша, М. Құл-Мұхаммедтің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Жалағашқа екі мамандар тобы келіп жетті. Бейсенбіден жұмаға қараған түні Астанадан дәрігерлер бригадасы келеді деп күтілуде, олардың құрамында нейрохирургтар, реаниматологтар мен травматологтар бар",- деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Төтенше жағдайлар министрі В. Божконың 28-ақпандағы бұйрығымен ТЖ вице-министрі Валерий Петров жетекшілік ететін МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі министрліктің арнайы комиссиясы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны