05.07.2017, 09:01 5472

Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық архиві балықшылар өміріне қатысты архив қоры құжаттарынан көрме ұйымдастырды

Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық архиві Қамбаш көлі жағасында өткізілген ІІІ халықаралық Балықшылар слетіне "Архив құжаттары сыр шертеді" атты тақырыпта балықшылар өміріне қатысты архив қоры құжаттарынан көрме ұйымдастырды

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық архиві Қамбаш көлі жағасында өткізілген ІІІ халықаралық Балықшылар слетіне "Архив құжаттары сыр шертеді" атты тақырыпта балықшылар өміріне қатысты архив қоры құжаттарынан көрме ұйымдастырды.

Көрмеге 1925 жылы "Аралбалық" тресін құру, теміржол арқылы 1923-1927 жылдар аралығында Арал теӊізінен ауланған балықтыӊ жөнелтілуі туралы құжаттар, кейінге кезеӊдегі Арал проблемалары бойынша БҰҰ, Бүкіләлемдік Банк және т.б. халықаралық ұйымдардыӊ қатысуымен өтетін конференцияға ұсыныстар (САРАТС жобасы) қойылды. Сонымен қатар, слет қонақтары Арал ауданыныӊ халқын әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевқа 1995-1999 жылдары облыс әкімі қызметін атқарған Б. Сапарбаевтыӊ жазған хатын, Арал аймағы проблемалары және даму перспективалары халықаралық кеӊесі құжаттарын, балықшылар өмірін айшықтайтын алпысыншы жылдардыӊ фотоларын тамашалады.

Құжаттар көрмесінде Елбасыныӊ Аралға сапары кезіндегі суреттері мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеӊесініӊ депутаты К. Бисенова, Д. Қалабаев, Қазақ КСР сыйлығыныӊ лауреаты Н. Демеуовтіӊ жеке тектік қорларыныӊ құжаттары слет қонақтарыныӊ қызығушылығын тудырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны