10.05.2017, 15:49 4647

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында ескерткіш тақта ашылды

Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығында Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуге қатысқан, Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтар құрметіне арналған ескерткіш тақта қайта жаӊғыртылып, ашылды.

Қызылорда. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығында Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуге қатысқан, Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтар құрметіне арналған ескерткіш тақта қайта жаӊғыртылып, ашылды.

Cалтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев елі үшін өмірін ажалға байлаған азаматтар жайлы айтып, тарихты ұлықтау жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие қалыптастыратынын жеткізді.

Осы оқиғаларға қатысқан азаматтардыӊ басын біріктірген ұйым төрағалары атқарылған игі іске ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді. Жиналған қауым ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны