13.02.2008, 18:29 3976

Қызылорда облысының Арал ауданында шұбатты өңдейтін цех ашылады

Қызылорда облысының Арал ауданында шұбатты өңдейтін цех ашылады

Қызылорда 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -Арал ауданында шалғайда жатқан шаруашылықта, Құланды асыл тұқымды мал зауытында жазда шұбат өндеу цехы ашылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"біздің шаруашылықта бүгінгі күні 2 мыңнан аса жылқы және 1000 түйе басы бар", - деп хабарлады зауыт директоры Алдоңғар Тілеуов.

Оның сөздері бойынша, шаруашылықтың жайылым көлемі шағын мемлекеттердің территориясына теңеледі. Үш ферма арасындағы қашықтық 100 шақырымды құрайды. Ал бұл "өнімді табиғи қалпында жеткізу" проблемасын тудырады."Сондықтан біз оны екі есе арзан бағамен сатуға мәжбүр болдық ", -деп атап өтті асыл тұқымды мал зауытының директоры.

"Президенттің Қазақстан халқына жолдауында ерекше назар аударылғанындай, қайта өңдеудің жолын таптық ", - деп атап өтті А. Тілеуов.

"Ауысымда 500 литр шұбат өңдейтін қуаттылығы бар құрал-жабдықты Аграрлық несиелік корпорациясының көмегімен және бір банктің бес жылға берген несиесі арқылы израильдік компаниядан сатып алдық. Келісім -шарт бойынша, израильдік мамандар үш айдың ішінде жабдықты жеткізіп, орнатып, жергілікті мамандарды үйрететін болады.

"Мұндай жабдықтар арқылы өнімнің пайдалы құрамын жарты жылға дейін сақтап, оны әдемі ыдыста шығаруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Қызылорда облысының ауыл шаруашылық департаментінің өнімдерді өңдеу және жаңа технологияларды дамыту бөлімінің бастығы Пұсырман Айбосынов.

Израильдің ауа райы біздің елмен ұқсас болғанымен, онда шұбатты өңдеу және сақтау тәсілі жоғары деңгейде дамыған. П. Айбосынов атап өткеніндей, "израильдік кәсіпкерлер біздің өнімді Еуропа нарығына тасымалдау жолдарын көрсетуге уәде берген. Ондағылар " нағыз батырлар сусынының пайдалылығын баяғыда түсінген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны