13.06.2017, 14:54 3416

Қызылорда облысыныӊ Арал маӊындағы Шірік Рабат қалашығынан шеберлер ауылы табылды

Айта кетейік, Арал маӊындағы бірқатар тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық эспедициясы зерттеген болатын. Алайда 90-шы жылдары тұралап қалған бұл жұмыс 2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында қайта жанданды.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Ежелгі өркениет жауһары саналатын Шірік Рабат тағы да ғалымдар назарына ілігіп отыр. Біздіӊ заманымызға дейінгі мыӊжылдықтыӊ орта кезеӊінде сақтар мекендеген Шірік-Рабат қаласын зерттеуші ғалымдар "Ұлы далада қыш-құмыра жасау ісі осы шаһардан бастау алған" деген тұжырымға келіп отыр. Оған себеп көне қала маӊынан көзешілердіӊ ауылыныӊ табылуы. Қыш ыдыстар өндірген шеберлер ауылы Шірік Рабат қалашығынан 40 шақырым жерде жатыр. Аумағы 3-4 гектарды құрайды. Археологиялық зерттеу барысында әзірге 11 пештіӊ және тұрғын үйлер мен шеберханалардыӊ орны табылып отыр.Бүгінгі күні 6 қыш күйдіретін пеш пен шеберхана толықтай ашылды. Сонымен қатар үй-жайлардыӊ орнынан астық сақтайтын ірі көлемдегі ыдыстар қазылып алынды. Табылған пештер төрт бұрышты және домалақ.

Археологтар Шірік-Рабат қалашығы аумағынан табылған цитадель - бекініс орнын да зерттеуде. Бұл жерде көне шаһарды мекендеушілердіӊ тұрмысы мен ғұрпын танытатын құнды жәдігерлер жеткілікті.

Айта кетейік, Арал маӊындағы бірқатар тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық эспедициясы зерттеген болатын. Алайда 90-шы жылдары тұралап қалған бұл жұмыс 2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында қайта жанданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны