30.06.2008, 10:26 2448

Қызылорда облысының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауды

Қызылорда облысының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының аумағында 27 маусымда бұршақ аралас жаңбыр жауды. Желдің жылдамдығы секундына 20-30 метрге жетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2008 жылдың 27 маусымында Қызылорда қаласының аумағында күндізгі сағат 14.15 пен 14.30 аралығында бұршақ пен жаңбыр араласқан, жылдамдығы секундына 20 метрді құраған солтүстік батыс бағыттағы қатты жел соқты. Желдің жылдамдығы кейде 30 метрге де жетті", - деп көрсетілген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, екі адам медициналық қызметке жүгінген. Алғашқысына медициналық көмек көрсетілген, екіншісінің аяғы сынып, ауруханаға жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны