20.06.2017, 21:02 7955

Қызылорда облысыныӊ БАҚ өкілдері Арал ауданына пресс-тур жасады

Инвесторлар тарту ұжымға жаӊа серпін әкелетіні белгілі жайт. Мұнан бес жыл бұрын "Аралтұз" АҚ-ға жаӊа инвестордыӊ келуімен көптеген игілікті іс қолға алыныпты.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Жуырда Қызылорда облысыныӊ БАҚ өкілдері Арал ауданына пресс-тур жасап, онда журналистер теӊізді аймақта орналасқан өндіріс орындарын аралады. Олардыӊ арасында "Аралтұл" АҚ, "Камбала балық" ЖШС және "Жұмашева" ЖК бар.

Журналистер әуелі Жақсықылыш елді мекеніндегі "Аралтұз" зауытында болды.Тұз қазу мен оны өӊдеу бойынша республикада алдыӊғы лекте тұрған кәсіпорында еӊбек өнімділігі қарбаластығын зауыт жұмысшыларыныӊ қызу қимылынан аӊғардық.

Тоқсан жылдан астам тарихы бар "Аралтұз" АҚ еліміздегі йодталған ас тұзыныӊ негізгі өндірушісі саналады. Жаӊа ғасыр басталған тұста зауыт тарихында бірінші рет қайта құру жұмыстары жүргізілген екен. Оған қоса, өндіріске "тұзды екінші рет байыту" технологиясы енгізіліпті.

Инвесторлар тарту ұжымға жаӊа серпін әкелетіні белгілі жайт. Мұнан бес жыл бұрын "Аралтұз" АҚ-ға жаӊа инвестордыӊ келуімен көптеген игілікті іс қолға алыныпты.

Нәтижесінде "ас және техникалық тұз өндірісін ұлғайту" жобасы іске қосылған. Аталған жобаға 2,5 миллиард теӊгеніӊ үстінде инвестиция салынғанын айта кеткен жөн. Сол қыруар қаражатқа тұз өндіруге арналған соӊғы үлгідегі құрал-жабдықтар алыныпты. Қуаныштысы - жаӊа зауытты іске қосу арқылы өнімділіктіӊ көлемі 1,7 есеге ұлғайып, ішкі нарықтағы үлесі тоқсан пайызға жеткен. Баршасы тынымсыз еӊбектіӊ жемісі екендігі және рас.

Сапар барысында 1200 адам еӊбек ететін ірі кәсіпорынныӊ вице-президенті Нағашыбай Иуесхановпен тілдесудіӊ сәті түсті.

- Алдағы уақытта кәсіпорын химия өнеркәсібін дамыту мақсатында кальцийлендірілген сода және кір жуғыш ұнтақ шығару жобаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Жақсықылыш тұрғындарыныӊ түгелге жуығын жұмыспен қамтыдық. Тіпті аудан көлеміндегі өзге елді мекеннен де келгендер баршылық. Жалақыларын уақытылы алып тұр.Бүгінгі таӊда тұздыӊ сатылу ауқымы да көбейіп жатыр. Өнімдерімізді Ресей мен Қырғызстанға жөнелтудеміз, - дейді "Аралтұз" АҚ-ныӊ вице президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны