15.08.2017, 16:13 4432

Қызылорда облысыныӊ білім беру ұйымдарында жаӊа оқу жылында 149 мыӊ бала білім алады деп күтілуде

Алдағы 2017-2018 оқу жылында, облыстағы 293 жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 6 мыӊға көбейіп, 149 мыӊ бала білім алады деп күтілуде. Оныӊ ішінде, 1-сыныпқа келетін балалар саны 700-ге артып, 18911 -ге жетіп отыр. Ал, 9-сыныпты бітіріп, білімін колледждерде жалғастыратын оқушылар саны 20-тамызға дейін нақты анықталатын болады.

Қызылорда. 15 тамыз. Kazakhstan Today - Жаӊа оқу жылына дайындық жұмыстары Қызылорда облысыныӊ барлық білім беру ұйымдарында жүргізілуде.

Алдағы 2017-2018 оқу жылында, облыстағы 293 жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 6 мыӊға көбейіп, 149 мыӊ бала білім алады деп күтілуде. Оныӊ ішінде, 1-сыныпқа келетін балалар саны 700-ге артып, 18911 -ге жетіп отыр. Ал, 9-сыныпты бітіріп, білімін колледждерде жалғастыратын оқушылар саны 20-тамызға дейін нақты анықталатын болады.

Оқушылар контингентініӊ осылайша жыл сайын артқанымен, соӊғы жылдары облыстағы мектеп құрылысыныӊ қарқынды жүргізілуі, оныӊ ішінде өткен оқу жылыныӊ өзінде 12 мектептіӊ құрылысы аяқталып, жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында тағы 5 мектептіӊ пайдалануға берілетіндігі, мектептердегі оқушы орныныӊ тапшылығын азайтып, оқу процесін 2 ауысымнан асырмай жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні 281 мектепке жоспарланған, жаӊа оқу жылы алдындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны