02.05.2017, 20:48 4181

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

"Ашық есік күні" шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардыӊ сот жүйесіне сенімініӊ деӊгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Қармақшы аудандық сотында "Ашық есік күні" өтті. Шараға келген азаматтарды аудандық соттыӊ төрағасы Қ.Абдуллаев қабылдады.

"Ашық есік күні" шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардыӊ сот жүйесіне сенімініӊ деӊгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігініӊ беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру мақсатын көздейді.

Іс-шараға келген аудан тұрғыны К.Кетебаева өзін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

Сот төрағасы қабылдауда болған К.Кетебаеваға заӊ нормаларын түсіндіріп, сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды Қармақшы аудандық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны