26.04.2017, 16:29 4614

Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын жалғастыруда

Кәсіпкерлер палатасыныӊ мұндай шараларды ұйымдастырудағы мақсаты - жастарға болашақ мамандық таӊдауда бағыт-бағдар беру. -Бүгінгі таӊда бизнес өкілдері үшін сұранысқа ие мамандарды әзірлеу өзекті мәселеге айналып отыр. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, нарықта жұмыс таба алмай отырған жастар көп, керісінше бизнеске қажетті мамандар да тапшы.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы биыл да мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын жалғастыруда.

Жақында Палатаныӊ ұйымдастыруымен қаладағы №1, 3, 4, 5 мектептердіӊ барлығы 120-ға жуық оқушысы "Қазақтелеком" АҚ Қызылорда облыстық филиалыныӊ жұмысымен танысты.

Алдымен оқушылар компанияныӊ iD Center залыныӊ жұмыс процессін көрді. Орталықтыӊ операторы Гүлнұр Ибдірахманова заманауи телекоммуникациялық қызметтер, атап айтқанда "Имбебап нөмір", "Ата-ана бақылауы", "Кейінге қалдырылған төлем" қызметтерін қалай алуға болатындығын көрсетті. Мұнан өзге оқушылар компанияда оператор, телефоншы, монтер, IT-мамандарына қойылатын талаптармен де танысты.

Бұл туралы №1 мектеп-гимназиясыныӊ оқушысы Ибдуәлі Иделхан "Біз "Ашық есік күні" арқылы "Қазақтелеком" компаниясыныӊ жұмысымен танысып, нарықта осы салаға қатысты қандай мамандықтарға сұраныстыӊ бар екендігін, жалпы облыста қолға алынған жаӊа жобалар туралы көптеген мағлұматтар алдық", - дейді.

Кәсіпкерлер палатасыныӊ мұндай шараларды ұйымдастырудағы мақсаты - жастарға болашақ мамандық таӊдауда бағыт-бағдар беру.

-Бүгінгі таӊда бизнес өкілдері үшін сұранысқа ие мамандарды әзірлеу өзекті мәселеге айналып отыр. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, нарықта жұмыс таба алмай отырған жастар көп, керісінше бизнеске қажетті мамандар да тапшы. Осы сәйкессіздікке жол бермеу мақсатында біз мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру шараларын үздіксіз ұйымдастырып келеміз, яғни жастарымыз мектеп қабырғасында жүріп-ақ нарықта қандай мамандарға сұраныс жоғары екендіктерін көріп, жұмыстарымен таныса алады. Шара осынысымен де құнды, - дейді Палатаныӊ Адами капиталды дамыту бөлімініӊ сарапшысы Гүлмира Илназарова.

Айта кету керек, жыл сайын Палатаныӊ ұйымдастыруымен 5000-нан астам оқушы аймақтағы түрлі кәсіпкерлік нысандарында болып, түрлі мамандық иелерімен сұхбаттасуға, жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны