08.06.2017, 16:42 3822

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында Ғани Мұратбаевтыӊ 115 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өткізілді

Иділ қазылардыӊ шешімі бойынша ақындар мүшайрасыныӊ бірінші орны Алтынбек Қыстаубайға бұйырды, екінші орын иегері Толғанай Жаӊаберген атанса, үшінші ооын жүлдесін Аян Иманәлі алды.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қазалы ауданыныӊ ішкі саясат бөлімі, "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігі, "Жас Отан" жастар қанаты және аудандық мәдениет орталығыныӊ ұйымдастыруымен аудандық мәдениет орталығында Шығыстыӊ жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтыӊ 115 жылдық мерейтойына орай "Мен Ғанимын" атты жазба ақындар мүшайрасы мен қылқалам шеберлерініӊ сайысы болып өтті.

Сайыста ақындар 2 кезеӊ бойынша бақ сынасса, суретшілер Ғани Мұратбаевтыӊ портретін салды.

Иділ қазылардыӊ шешімі бойынша ақындар мүшайрасыныӊ бірінші орны Алтынбек Қыстаубайға бұйырды, екінші орын иегері Толғанай Жаӊаберген атанса, үшінші ооын жүлдесін Аян Иманәлі алды.

Жастар көсемін бейнелеген суретшілер сайысында 1 орын Құралай Махамбетәліге берілсе, екінші орын иегері Айткүл Нағашыбай болды. Суретшілер үштігін Дәулет Иділбек түйіндеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны