13.07.2017, 15:21 4202

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында ұлағатты ұстаз Файзолла Омаровтыӊ шығармашылығы мен өнегелі өмірін арқау еткен кеш өтті

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында сүбелі сөзді жанына серік еткен талантты ақын, сатирик, ұлағатты ұстаз Файзолла Омаровтыӊ шығармашылығы мен өнегелі өмірін арқау еткен кеш өтті

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында сүбелі сөзді жанына серік еткен талантты ақын, сатирик, ұлағатты ұстаз Файзолла Омаровтыӊ шығармашылығы мен өнегелі өмірін арқау еткен кеш өтті.

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініӊ қызметкері Раиса Тасыбаева, ақынныӊ жұбайы, ардагер-ұстаз Күнімхан Панабекқызы, ақынныӊ ұстазы Күлмараш Өтепбергенова, әріптесі Қадырбек Бекетов, шәкірттері Сағира Кемалова, Мұӊсызбай Ибубәкір, Жұмабек Қалмақов, Тамаша Мұратбаева мен кітапхана оқырмандары естелік айтты. Ұлағатты ұстаздыӊ оқушысы Таня Оспанова мен жерлесі Құралай Асаубаева, №266 мектеп-лицейдіӊ оқушысы Данияр Ибілқасым кешті әнмен әрлеп, сәнін келтірсе, №170 орта мектептіӊ оқушылары оқыған ақынныӊ өлеӊдері тереӊ иірімдерге жетеледі.

Тағылымды да, мағыналы өмір сүріп, қырық екі жыл бойы ұстаздық қызметтен қол үзбей жүріп, соӊына "Таланттар елінде", "Бөгеннен ұшқын бұлбұл", "Шырқа, Шамшат", "Жанқожа", "Ақын тағдыры" повестері мен "Желтоқсан", "Даулы бала", "Ақтан батыр", "Нәубет науқаны", "Алты Кішкене", "Кенесары-Сыпатай" дастандарын қалдырған сан қырлы саӊлақ Файзолла Омаровтыӊ шығармалары мерзімді баспасөз беттерінен бөлек "Оӊтүстіктен ескен жел" "Сыр бойында", "Қазағым меніӊ осындай" жинақтарында жарық көрген.

Шарада "Өнегелі өмір, өрісті өнер" атты тақырыптық слайд көрсетіліп, "Жан жырлары - болмыс сырлары" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кеш иесініӊ жары Күнімхан Панабекқызы ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, кітапхана ұжымы мен белсенді қатысушыларға ақынныӊ жыр жинағын табыс етті.

Еске алу кешін қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесініӊ директоры Индира Ибілқасымқызы барша оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, сый-сыяпат көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны