06.06.2017, 16:18 3788

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында жастарды әскер қатарына шығарып салды

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде болашақ сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу шарасы өткізілді. Оған аудан жастары, әскери борышын өтеушi азаматтардыӊ ата-аналары қатысты.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде болашақ сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу шарасы өткізілді. Оған аудан жастары, әскери борышын өтеушi азаматтардыӊ ата-аналары қатысты.

Кент әкімі А.Ақжігітов ертеӊгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тілесе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімніӊ бастығы, капитан Ғ.Бердібеков аманат хатын табыстады.

Сонымен қатар, мерзімдік әскери қызметін Жамбыл облысында өтеп келген қазалылық азаматтарға Жамбыл облысы, Қордай ауданыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарасыныӊ "Шекара қызметініӊ үздігі ІІ дәрежелі" медалі табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны