31.03.2017, 21:10 10092

Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы тағайындалды

ҚР Қорғаныс Министрініӊ бұйрығымен Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы болып полковник Мұрат Дәулетбақов тағайындалды. Бұл туралы департаменттіӊ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қызылорда. 31 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс Министрініӊ бұйрығымен Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы болып полковник Мұрат Дәулетбақов тағайындалды. Бұл туралы департаменттіӊ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаӊа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментініӊ басқарма бастығы, полковник Қанат Мұсаев таныстырды.

Дәулетбақов Мұрат Шымкенбайұлы 1966 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.

Искери қызметті 1994-2002 жылдар аралығында Оӊтүстік Қазақстан облысына қарасты Еӊбекші, Ил-Фараби, Кентау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерде әртүрлі лауазымда қызмет атқарудан бастаған.

2002-2012 жылдары ОҚО Бәйдібек, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерін басқарды. Ал 2012-2013 жылдары Тараз қаласыныӊ қорғаныс істері жөніндегі басқармасыныӊ бастығы болды.

2013 жылдан бастап Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығыныӊ бірінші орынбасары - жұмылдыру басқармасыныӊ бастығы қызметін атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны