30.04.2017, 23:07 7816

Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік кірістер департаменті салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заӊнамалық өзгерістерді таныстыру бойынша кезекті іс-шара өткізді

Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік кірістер департаменті салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заӊнамалық өзгерістерді таныстыру бойынша кезекті іс-шара өткізді

Қызылорда. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Или Қабиұлы Майхиев бұл мәжіліске шығарылып отырған тақырып өткен жылдыӊ 30 қарашасында қол қойылған "Қазақстан Республикасыныӊ салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша бірқатар заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊмен қолданысқа енген жаӊа талаптарды түсіндіру бағытында жүргізіліп отырған кезекті шара екенін атап өтті. Жыл басынан бері кеден бағытындағы бірқатар өзгерістерді таныстыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалымен бірлескен бірнеше "дөӊгелек үстелдер" өткізілді, жергілікті баспасөзге жарияланымдар берілді.

Мұнан соӊ кеден саласында болып жатқан жаӊа өзгерістер мен тыӊ бастамашылықтар бойынша Кедендік бақылау басқармасыныӊ маманы Талғат Төлегенов хабарлама жасады.

Тауарға арналған декларацияны ұсыну кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін электронды декларациялаудыӊ жаӊа нысаны АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін таныстырды. Бұл ақпараттық жүйе Бүкіләлемдік сауда ұйымыныӊ нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған. Алдымен Астана, Алматы қалалары және Алматы, Қарағанды облыстары бойынша МКД базасында қанатқақты сынақтар басталды. 2017 жылдыӊ ақпанына Қызылорда облысы бойынша МКК қызмет аумағында да қанатқақты сынақтар басталып, екі айдыӊ көлемінде Департаменттіӊ кеден бекеттерімен 993 ТАД толтырылып, тіркелген. Күтілетін түпкілікті нәтиже: 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен толықтай өндіріске енгізу.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ 2016 жылғы 30 сәуірдегі №32-Р өкімімен облыс орталықтарында және Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ ЕЭО сыртқы шекарасыныӊ Қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттеріне тікелей жақын жерде кедендік рәсімдеу орталығыныӊ құрылысын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Кедендік рәсімдеу орталығыныӊ жаӊа нысаны тауар айналымын, жүк ағымдарыныӊ көлемін, облыстыӊ географиялық орналасуына қарай, басқа да мемлекеттік бақылаушы органдармен бірлесіп құру үшін 3 түрлі үлгіде жүргізілуде:

- 40 жұмыс орынына 6 га жер учаскесімен;

- 60 жұмыс орынына 8 га жер учаскесімен;

- 120 жұмыс орынына 10 га жер учаскесімен.

Тауар ресімдеу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мұндай Кедендік ресімдеу аумақтарыныӊ құрылысын аяқтау аймақтарда 2018 жылы жоспарлануда.

Мәжіліс төрағасы И.Майхиев "Облыстық тұтынушылардыӊ құқығын қорғау қоғамы" және Кәсіпкерлер палатасыныӊ облыстық филиалы өкілдері сұрақтарына жауап берді, делінген департаменттіӊ баспасөз қызметініӊ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны