03.04.2017, 18:55 7313

Қызылорда облысыныӊ оқушылары республикалық олимпиадада табысқа жетті

Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Сыр бойынан 27 оқушы қатысты. Олардыӊ екеуі алтын медаль олжаласа, 4 шәкірттіӊ білім деӊгейі күміспен бағаланды. Қола жүлдеге қол жеткізген тағы 5 оқушы бар

Қызылорда. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ білім басқармасыныӊ "Дарын" ғылыми-практикалық орталығы жыл басында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданыӊ облыстық кезеӊін өткізген болатын. Оған 274 оқушы қатысып, 134 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қорытынды республикалық кезеӊге жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша іріктелген 31 оқушы 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен олимпиадаға қатысып, 2 оқушы күміс медаль, 10 оқушы қола медаль иеленді. Тағы екі оқушы грамотамен марапатталды.

Ал Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Сыр бойынан 27 оқушы қатысты. Олардыӊ екеуі алтын медаль олжаласа, 4 шәкірттіӊ білім деӊгейі күміспен бағаланды. Қола жүлдеге қол жеткізген тағы 5 оқушы бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны