27.04.2017, 16:37 4902

Қызылорда облысыныӊ оқушылары республикалық "Жас астрофизиктер" сайысында жүлделі орындарға ие болды

Жарыс барысында республиканыӊ түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар ғарыштық физика және астрономия тақырыптарында ғылыми жобалар қорғап, осы пәндерден олимпиадаға қатысты. Кескін карта арқылы жұлдыздарды табу бойынша сынақ тапсырды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today -Алматы қаласындағы "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығыныӊ ұйымдастыруымен сәуір айыныӊ 17-21 аралығында белгілі астроном Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономия ғылыми сайысы өткізілді.

Оған Қызылорда облысынан №4 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатыныӊ оқушылары Н.Байқожа және А.Өмірзақ, №15 мектеп-лицей оқушысы Д.Шахмет және Жаӊақорған ауданы №167 орта мектеп оқушысы А.Сансызбай қатысты.

Жарыс барысында республиканыӊ түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар ғарыштық физика және астрономия тақырыптарында ғылыми жобалар қорғап, осы пәндерден олимпиадаға қатысты. Кескін карта арқылы жұлдыздарды табу бойынша сынақ тапсырды. Қызылордалық "Жас астрофизиктер" командасыныӊ өзін-өзі таныстыруы профессорлар мен докторлардан құралған әділқазылар алқасыныӊ көӊілінен шықты.

Қызылорда облысы командасыныӊ тұсаукесері слеттіӊ салтанатты жабылу шарасында қайталанып көрсетілді.

Д.Шахмет және А. Сансызбай "Бөбек" орталығыныӊ бас директоры И.В. Логинованыӊ және обсерватория директоры Н.И.Бейсенніӊ Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Н.Байқожа мен А.Өмірбек жоғары білім көрсеткендері үшін ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

Жарысқа қатысқан оқушыларға телескоп арқылы түнгі жұлдызды аспанды тамашалау мүмкіндігі туғызылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны