12.09.2017, 14:01 3845

Қызылорда облысыныӊ прокуратурасы 84 кәсіпкерді заӊсыз тексергені үшін мемлекеттік аудиторды әкімшілік жауапқа тартты

Облыстық прокуратурамен мемлекеттік аудиторға қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 175-бабыныӊ 1-бөлігініӊ 2), 12) тармақтарымен әкімшілік іс қозғалды. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотыныӊ қаулысымен мемлекеттік аудиторға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот актісі заӊды күшіне енді.

Қызылорда. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді жеке қабылдау жүргізу кезінде екі жеке балабақшалардыӊ иелері оларды шақыртып, түрлі құжаттарды сұратып жүрген Қызылорда облысыныӊ Ішкі мемлекеттік аудит департаментініӊ мемлекеттік аудиторыныӊ әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.

Талдау мемлекеттік аудитордыӊ кәсіпкерлерді тексеру тәртібін бұзғанын көрсетті. Қылмыстық қудалау органымен қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында берілген қаулысын басшылыққа алып, тексеру тағайындау актісін шығармастан және оны құқықтық статистика саласындағы уәкілетті органда тіркемей 84 жеке мектепке дейінгі ұйымдарды тексерген.

Бақылау нәтижелері туралы актілерді тек жекелеген кәсіпкерлерге ғана ұсынған.

Облыстық прокуратурамен мемлекеттік аудиторға қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 175-бабыныӊ 1-бөлігініӊ 2), 12) тармақтарымен әкімшілік іс қозғалды. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотыныӊ қаулысымен мемлекеттік аудиторға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот актісі заӊды күшіне енді.

Өткен жылдан бастап енгізілген, бизнес субъектілерін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау тәжірибесі, кәсіпкерлердіӊ проблемаларын жедел шешуге, сондай-ақ әкімшілік рәсімнен тыс құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Белгіленген кесте бойынша кәсіпкерлер палатасында қабылдауды жүргізеді: айына бір рет - облыс прокуроры, айына екі рет - облыс прокурорыныӊ орынбасары, апта сайын - облыстық прокуратураныӊ басқарма бастығы.

Осындай "прокурор кабинеттері" кәсіпкерлер палатасыныӊ аудандық бөліністерінде де бар, ол жерде қабылдауды аудан прокурорларыныӊ жеке өздері жүргізеді,- деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны