06.06.2017, 16:22 3611

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында апат зардаптарын жоюға арналған жаттығу өтті

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданындағы "Семізбай-U" ЖШС-ніӊ "Иіркөл" филиалы кенішінде аудандық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өтті.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданындағы "Семізбай-U" ЖШС-ніӊ "Иіркөл" филиалы кенішінде аудандық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өтті. Облыс әкімі орынбасары С.Сүлейменовтіӊ 2017 жылғы 30 мамырдағы № 04/1-5/3437 нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығуда Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті аға офицерлері Ж. Жүгінісов пен А. Ибраев кеніште радиациялық апат зардаптарын зардаптарын жою тақырыбында жұмысшыларға түсіндірме жасады. Азаматтық қорғау қызметтерініӊ болуы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша дайындығы пысықталды,- деп хабарлайды С. СЫЗДЫҚ, азаматтық қорғаныс бөлімініӊ бастығы, подполковник.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны