09.06.2017, 18:24 4774

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында "Ғани тағылымы - ұрпаққа мұра" атты танымдық кеш өтті

Орта Азия және бүкіл шығыс жастарыныӊ жалынды жетекшісі, Сыр топырағында дүниеге келген Ғани Мұратбаевтыӊ туғанына 115 жыл толуына орай "Ғани тағылымы - ұрпаққа мұра" атты танымдық кеш өтті.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Шиелі аудандық орталық кітапханасында аудандық ішкі саясат бөлімініӊ "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ніӊ ұйымдастыруымен Орта Азия және бүкіл шығыс жастарыныӊ жалынды жетекшісі, Сыр топырағында дүниеге келген Ғани Мұратбаевтыӊ туғанына 115 жыл толуына орай "Ғани тағылымы - ұрпаққа мұра" атты танымдық кеш өтті.

Аталған танымдық кешке ардагерлер, "Жастар парламенті", "Оқушылар парламенті" депутаттары және белсенді жастар қатысты.

Шара аясында Ғанидай тұлғаныӊ өнегесін ұлықтау мақсатында арнайы бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушылары өлеӊ шумақтарын оқып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соӊында "Жастар ресурстық орталығы" КММ директорыныӊ міндетін атқарушы А. Маманова шараға белсенді қатысқан жастарды алғыс хатпен марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны