25.04.2017, 19:06 4449

Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында "Қазақтыӊ келіндері-ай" атты сайыс өтті

Аудан әкімдігініӊ қолдауымен аудандық ардагерлер кеӊесініӊ ұйымдастыруымен өткен шараға барлық елді мекендерден 20 жуық жас аналар қатысты.

Қызылорда. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында "Қазақтыӊ келіндері-ай" атты сайыс өтті,- деп хабарлайды әкімдік.

Қазақ әуелден "келіні жақсыныӊ керегесі алтын" деп босағадан аттаған жас жанныӊ тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маӊыздылығын жойған жоқ. Бүгін аудан орталығында "Қазақтыӊ келіндері ай" атты келіндер сайысы өткізілді. Аудан әкімдігініӊ қолдауымен аудандық ардагерлер кеӊесініӊ ұйымдастыруымен өткен шараға барлық елді мекендерден 20 жуық жас аналар қатысты. Қатысушылар сайыс ережесініӊ 4 кезеӊі бойынша өзара бақ сынасты. Аудан әкімініӊ орынбасары А. Есмаханов пен аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы С. Оразымбетов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сахнада тапқырлық пен ұшқыр ойды ұштастырып, өнерімен көпшілікті тәнті еткен келіндер сайыс жеӊімпаздарыныӊ қатарынан көрініп, аудан әкімініӊ арнайы марапатына ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

жүлделі ІІІ орын

Байкенжеева Жеӊіскүл- Ш. Қодаманов ауылы

жүлделі ІІ орын

Жұмағұлова Майра-жансейіт елді мекені

жүлделі І орын

Молдыбаева Мөлдір- Бәйгеқұм ауылы

Бас жүлде

Жомартова Мерует - Шиелі кенті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны