12.10.2018, 22:24 22469

Қызылорда облысыныӊ Шиелі өӊірі 90 жылдық мерейтойына орай ел басқарған азаматтардыӊ атқарған істерін еске түсірді

Шиелі 90 жаста. Осы жылдары ауданымызда бірінші басшылықта болған, ел басқарған азаматтардыӊ атқарған істерін еске түсірдік. 90 жыл - тарих. "Ұлым дейтін ұлтыӊ болмаса, ұлтым дейтін ұл қайдан болсын" дегендей, Шиелі ауданыныӊ жасампаз халқыныӊ арқасында осыншама қоғам қайраткерлері өсіп шықты.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today - Туған жер қандай ыстық. Шиеліні айтамын. Басқа жанға қайдам, маған солай. Содан болар Шиеліге ән арнап, "Ыстықсыӊ сен маған, көрікті Шиелім!" деп жырладық. Маған дейін де ақындар жырлап, сазгерлер ән жазған, келешекте де солай бола береді. Туған жердіӊ құшағы кеӊ. Оған өмірдегі бар жақсылықты та, жамандық та, қайғы да, қуаныш та сыйып кетеді. Жақсыны әлдиіне алып, жаманды жақсы көрмейді. Қай заманда да солай болған. Елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен соғысып, ерлік көрсеткен батырларымыз қаншама. Сырдария өзенініӊ орта тұсына орналасқан Шиелі ауданы қай жағынан болса да жұрт назарын аударатын тарихы арыда жатқан мекен. Қазіргі Шиелі кентініӊ негізі Николай патшаныӊ соққызған Түрксіб теміржолынан бастау алады. 1900-1905 жылдары Шиелі, Бәйгеқұм, Тартоғай, Сұлутөбе стансалары соғылып, жан-жақтан халық жиналып қоныстана бастайды. Орыс патшасыныӊ генералы Перовский басқаратын әскерініӊ отряд бастығы Скоблевтіӊ құрметіне қойылған бұл жер Скоблев болысы атанған. 1917 жылдыӊ желтоқсан айыныӊ басында Шиелі Кеӊес өкіметі орнады. Ал, 1919 жылы мамыр айында Скоблев болысы Шиелі болысы деп аталады.

1928 жылы болыс Шиелі ауданы болып құрылды, сөйтіп республикадағы 180 ауданныӊ біріне айналады. Бір қызығы Шиелі 1930 жылы Жаӊақорған ауданына қосылып, Шиелі қыстағына көшіріледі. 1938 жылы Қызылорда округі облыс болып қайта құрылып, Шиелі Жаӊақорғаннан бөлініп шығып, дербес аудан атанады. Бұрынғы Қызылорда ауданынан Тартоғай ауылдық кеӊесі қосылып, беріледі. Сөйтіп алғашқы ауданымыздыӊ халқы 19 мыӊ 111 адам болады. Шиелі мен Жөлек поселке атанып, 31 ауылдан тұратын 9 ауылдық кеӊесті қамтиды.

Шиелі аудандық партия комитетініӊ тұӊғыш бірінші хатшысы болып Шушанян тағайындалады. Аудан тарихы осы кезден басталады. Осы жылдары Жөлекте "Тигр" артелі мен қазіргі "Алғабас" ауылыныӊ негізі №12 ауыл деген атпен серіктестік болып құрылады. Қабырғасы қатая қоймаған, экономикасы қалыптаспаған елді басқару қарт коммунист Шушанян мырзаға да оӊай болмаған болуы керек. Бір жылдан кейін бұл орынға бірінші хатшылыққа Федосов деген азамат келіп, елді табаны күректей 11 жыл басқарады. Бұл жылдары Шиеліге орыстар, басқа ұлт өкілдері көптен келіп қоныстанады. Ауданда тұӊғыш телефон байланысыныӊ желісі тартылады. Аудан басшысы ашаршылық жылдарын бастан кешіреді. Оба ауруынан елде егін егілмей қалады. Халық ашаршылыққа ұшырайды. Дегенмен, хатшыныӊ іскерлігі арқасында аудан тұрғындарына көмек беріледі. Шиелі аудандық "Стахановшы" газетініӊ бірінші нөмірі де Федосов кезінде 1939 жылы жарық көріп, оныӊ тұӊғыш редакторы Мәді Молдыстамов болған еді. Бірінші хатшы баспасөз бен өнерге жақсы көӊіл бөліп отырды. Осы жылы Нартай Бекежанов Қазақстан Жазушылар одағыныӊ екінші съезіне делегат болып сайланған. Ғұмыры ұзақ Федосов қызметін нығайтып кетеді. Шиелініӊ көп ұлтты аудан атануы - сол Федосов мырзаныӊ кезінен басталып, оныӊ баяндамаларына арқау болған.

Қырқыншы жылы Шиеліге тағы бір орыс ұлтыныӊ өкілі хатшылыққа келді. Мамандығы инженер, жер маманы Комаров шамасы Шиелі каналыныӊ құрылысына орай жіберілген болар. Комаровтыӊ ұйымдастырушылық қабілетініӊ арқасында Шиелі каналыныӊ 27 шақырымдық бірінші кезеӊі 1940 жылы көктемде пайдалануға беріледі. Алға қойған мақсатын орындай алмай, бір жылда Комаров орын ауыстырады. Одан кейін Шиелініӊ бірінші хатшылығына 1940 жылы Ибен Кенжеғараев тағайындалады. Бұл Кенжеғараев үшін өте ауыр жыл болды. Шиелі каналыныӊ екінші кезеӊін аяқтау, сұм соғыстыӊ басталуы, соғысқа даярлық, заттар даярлау, әскерге адамдар жөнелту, аудан халқына партиялық рух беру, патриоттық тәрбиені күшейту - бәрі-бәрі хатшыныӊ бір жылдық қызметінде орын алды. Кезінде Қазақстан орталық комсомол комитетін басқарып ысылған Ибекеӊ үшін бұл ауыртпалық түк те емес еді. Ол облысқа қызмет бабымен көтеріліп кетеді. Кішіпейіл, қоғамшыл, жұмысқа мығым адам болатын. Орыс ұлтыныӊ жарамды жігіттері Ұлы Отан соғысына елін жаудан қорғауға аттанды ма, аудан басшылығына Комаровтан кейін орыс азаматы тағайындалған жоқ. Ғиззат Жүгірәлин ауданды төрт жыл басқарды. Ұлы Отан соғысыныӊ қайнап тұрған шағында ауданды басқарған бұл хатшы Шиелініӊ даӊқын Еӊбек Ерлерімен шығарды. Осы жылдары жаһан соғысына ауданымыздан 3200 азамат қатысты, 1793-і майдан даласында мерт болды. 1942 жылы "Авангард" совхозыныӊ звено жетекшісі Ким Ман Сам 20 гектар күріштіӊ әр гектарынан 150 центнерден өнім алып, оған Социалистік Еӊбек Ері атағы беріледі.

Ал, 1944 жылы Ы.Жақаев 5 гектар күріштіӊ гектарына 172-ден өнім келтіріп, дүниежүзілік рекорд жасайды. Еӊбегіне тиісті 106 мыӊ сомды Отан қорғау қорына аударады. Ғ.Жүгірәлин басшылық еткен уақыт қиын болғанмен, аудан өмірінде теӊдесі жоқ жаӊалықтар болды. Ким Ман Сам да, Ыбырай Жақаев та осы соғыс жылдары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Соғысқа азық-түлік, аяқ киім, киімдер мен түрлі заттар жіберу - аудандық партия комитетініӊ хатшысына оӊай тимеді. Мінезге бай, төзімді де шыдамды Ғизекеӊ соғысты да бітіреді, өзі де қызметін ауыстырады.

Шиеліге бірінші хатшы болып келген Иса Иманқұлов соғыстан күйзелген елдіӊ еӊсесін көтерді. Егіс көлемін ұлғайтты, мақта, бидай егуді қолға алды, білім беру жүйесіне назар аударды. Аудан мұғалімдері Отан қорғау қорына 100 мыӊ сом ақша жинап беріп, ұлағатты ұстаздар ұлы қолбасшы, генералиссимус И.В.Сталиннен алғыс телеграмма алады. Үш жылдық еӊбегі арқасында Шиелі ауданын алға сүйреумен, халқыныӊ жадында аты қалды. Аласа бойлы, өте іскер адам еді. Ауданымызға Көмекбай Қаракөзов те қиыншылық кезде бірінші хатшы болып келді. Бұл кісі білімді, ауыл шаруашылығыныӊ маманы, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері болатын. Қаракөзов басқарған тұстан бастап аудан экономикасы мен мәдениеті алға басты. Қ.Қаракөзовтіӊ ұсынысымен күріштен мол өнім алғаны үшін 13 адам бір жылда Социалистік Еӊбек Ері атанады. Мінезге бай қарапайым хатшы еӊбек адамдарын бағалаушы еді. Ол кісі басқа ауданға ауысып кетті. Аудандық партия комитетініӊ бірінші хатшысы болып тағайындалған Алпысбай Нұржанов бір жыл ғана қызмет етті. Ауданмен, оныӊ шаруашылығымен танысып та үлгермеді. Оныӊ орнына бірінші хатшы болып Имзе Илжанов деген өзіміздіӊ "Жиделі" ауылыныӊ тумасы отырды. Білімді де білікті, сөзге шешен, қай кезде ұстамды, сабырлы адам болды. Қызметте талапшыл, туралығын айтатын оныӊ өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге И.Илжанов ауданда мал басыныӊ өсуіне жағдай жасады. Ауданды үш жылдай басқарған бірінші хатшы Сейдолла Оспанов Тереӊөзектіӊ жігіті еді. Облыста бірінші хатшы болды, қызметте қатал болғанымен, адамгершілігі мол, сыпайы азамат болатын, қазір Шымкентте тұрады. Аудан өз деӊгейінде қалыпты дамыды, тіршілік тоқтаған жоқ. Комсомол, партия органдарында ысылған жас жігіт жауынгер - коммунист, білімді басшы, жайсаӊ адам Исатай Ибдікәрімов ауданға партия комитетініӊ бірінші хатшысы болысымен ауданда күріш көлемін ұлғайтты. Ауданныӊ өрлеуіне ұйытқы болды. Ол Шиеліге күндіз-түні көз ілмей еӊбек етті. Қапсағай денелі, сымбатты, қайратты, білімді Исатай Ибдікәрімов Жалағаш ауданын басқарып тұрғанда Социалистік Еӊбек Ері атанды.

Байбол Сопбеков ауданды екі жылдай басқарып, облысқа бірінші хатшы болып қызмет ауыстырды. Талапшыл, таза, тік тұрып, тік жүретін. Шиеліде аты аӊызға айналған бірінші хатшы Ғафур Мұхамеджанов болды. Көпшіл, бауырмал, биязы, сөзшеӊ, нені болса да ақылмен шешетін келбетті ел ағасы еді, екі сөйлемейтін "Ер асылы - елге қанат" дегендей, өмірден баз кешкенше, облыста басшылық қызметте жүргенде де Шиеліні сүйіп, Шиеліге қызмет көрсетіп өтті. Оныӊ тұсында мал шаруашылығы қарқынды дамыды. Мәдениет пен өнерге мән берді.

1970 жылы Шиелі ауданына бірінші хатшы болып Социалистік Еӊбек Ері Орынбасар Бәйімбетов келді. Бірінші хатшылық тағында еӊ ұзақ отырған осы Орекеӊ болса, Шиеліге сіӊірген еӊбегі де ауқымды. Жоғары білімді зоотехник, ауданда мал шаруашылығын көбейтумен айналысты. Осы жылдары мал басыныӊ өсуі еӊ жоғары дәрежеге жетті, сексенінші жылдары 187 мыӊ қой, 23 мыӊ ірі қара, 4246 жылқы, 1377 түйе болды. Жаздық мал жайлауы Сарысуда мал суғаратын 37 скважина қазылды.

"Ел қамын ойлар жақсылар" десек, ойымызға ауданды Сейілбек Шаухаманов басқарған жылдар оралады. Елін, жерін адам қалай сүйіп, қалай құрметтеуді үйреткен бірінші хатшы осы Сейілбек Шаухаманов болды. Халықты ұйытып аузына қаратты. Мекеме басшылары қалай болуы керек, жиналыстарда сөйлей білудіӊ үлгісін де танытқан Сәкеӊ еді. Бірінші хатшы болып істеген бес жыл ішінде қыруар іс тындырды. Жаны нәзік Сәкеӊ ауданда гүл өсіруді бастап, Шиеліні гүлмен көмкерді. Шиеліде көше бойларына арықтар қаздырып, ағаш ектірді. Аудан мен ауылға көше кіреберіс жерлерге жасыл-желек белдеулер жасады. Алаӊ, бірнеше көше асфальттанды. Демалыс орнына айналған дендропарк, орталық стадион, арнайы дүкендер ашу, ардагерлер дүкені "Ілтипат", соғыс боздақтарына арналған мемориал комплексі С.Шаухамановтыӊ қалдырған қолтаӊбасы. Бұл жылдары халықпен жұмыс істеудіӊ, халықпен жүздесудіӊ, оларға жиі-жиі есеп берудіӊ жүйесі қалыптасты. Сондай-ақ, малшылар күні, ашық есік күні, сұрақ-жауап кештері ұйымдастырылды.

С.Шаухаманов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне қызмет ауыстырып, оныӊ орнына Абдолла Ибенов 40 жасқа толмаған шағында, бірінші хатшы болып отырды. Аудандағы екі жылдық еӊбегінде А.Ибенов өндірісті дамытуға көӊіл бөлді. РУ-6 мекемесініӊ ауданмен байланысын қалыптастырды. Тікелей Мәскеуге бағынышты кен орныныӊ басшылары, аудандық партия комитетіне мұрындарын шүйіре қарайтын. А.Ибенов соны жөнге салды. Осы жылдары Шиеліде тәулігіне 1 тонна шұжық (колбаса) шығаратын цехты іске қосты. Байсалды, тазалықты ұнататын, адамгершілігі мол басшы болды.

Жоғары партия қызметінде болған Машрап Ахметжанов білімді, білікті қызметкер ретінде ауданға бірінші хатшылыққа жіберілді. Еркін Иуелбековтіӊ шәкірті ауданға жариялылықты ала келді. Ол не істесе де халықпен бірге жүрді. Асарлатып, "Бәйгеқұмда" мектеп ғимаратын соқты. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалыпты дамыды. Өзініӊ талапшылдығымен, ұстамдылығымен ел есінде қалған партия комитетініӊ соӊғы бірінші хатшысы М.Ахметжанов еді, қоғам өзгерді. 1992 жылы елді басқару жүйесіне әкімшілік енгізіліп, Шиелі ауданыныӊ тұӊғыш әкімі болып, Жолдасбек Ердешбаев тағайындалды. Бұрын аудандық партия комитетінде, ауыл шаруашылығы басқармасында, көрші аудандарда басшы қызметтерде болған Ж.Ердешбаевқа аудан басқару қиын болған жоқ. Құрылым өзгеріп жатқан өтпелі кезеӊде ел басқарған Жөкеӊ, елді еӊбекке жұмылдырып, аудан халқын биіктерге жетеледі. Артында зілі жоқ айқайы бар, сөзшеӊ, қарапайым әкім, кейін ауданныӊ ардагерлер кеӊесін басқарды. Тұӊғыш аудан әкімі болып тарихта қалды. Мұнда келерінде Жаӊақорған ауданын басқарған әкім Ибрагим Ибибуллаев парасатты саяси жолын Шиелі халқымен қоян-қолтық бастай бергенде, басқа қызметке ауысып кетті. Бір жыл болса да өзініӊ елгезек мінезімен, сымбатты келбетімен ел есінде қалған біріншілердіӊ бірі болды.

Елімізде қоғамдық өзгеріс - жекешелендіру басталған жылдары ауданды "Шалқия" кенішініӊ директоры қызметінен келген Жарылқасын Тұрабаев басқарды. Аудан әкімі Ж.Тұрабаев өте қарапайым, көпшіл, өзін кез келген адаммен теӊ ұстайтын, кісілігі жоқ, аӊқылдаған нағыз халықтыӊ адамы еді. Қиын-қыстау кезде әкім болған Жақаӊ аудан өндірісін дамытты. Өліара шақта білікті басшы Шиелі халқына қамқоршы бола білді. Жоқтан бар жасады. Алғаш кәсіпкерлерге жол ашып берді. Ұлтымыздыӊ көсемі, жалынды қайраткер Мұстафа Шоқайдыӊ ескерткішін алаӊға орнатты. Жарылқасынныӊ тұсында "Оқшы ата" мешіт-медресесі ашылды. "Тартоғай", "Сұлутөбе" әкімшіліктері аудан құрамына енді. "Оқшы ата" мазаратындағы әулиелерге ас берілді. Академик Шахмардан Есенов есімімен "Көкшоқыдағы" орталық көше аталып, көше басына оныӊ мүсіні орнатылды. 1998 жылы мамыр айыныӊ 15 күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шиеліге келіп, орталық мешіт пен М.Шоқай алаӊында халықпен сұхбаттасты. Президентпен бірге сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және аудан әкімі Жарылқасын Тұрабаев болды. Шиеліде көрнекті жазушы Қалтай Мұхамеджановтыӊ 70 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Онымен берге атақты жазушылар Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Темірбек Медетбековтер келіп, аудан халқымен жүздесті. "Оқшы атада" Бала би шешенге кесене тұрғызылды. Жарылқасын Тұрабаев аудан жұртшылығыныӊ жүрек түпкірінде осындай жақсы істерімен қалып қойды. Ауданға әкім болып келген Серікбек Жүсіп бір жылға жетпейтін уақыт қызмет жасады. Басшы болып жерлесіміз Ерлан Мұстафаев келгенде халық одан көп үміт күткен еді. Жеті жылдай бірінші болған Ерлан әліне қарай жұмыс істеді. Арнасы бітіп қалған сағаны тазалап, кейін жаӊа арна қаздыртты. Ауданда орта және шағын кәсіпкерлікті дамытты. "Халық айтса, қалып айтпайды" дегендей "Жолы болсын!" деп тіледік. Ауданға Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі болып келгенде, меніӊ ойыма ақын Аманқос Ершуовтыӊ:

Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар,

Қарасаӊ аспанда да алалық бар.

Біреуде қарт та болса, шалалық бар,

Біреуде жас та болса, даналық бар, - деген өлеӊ жолдары түсті. Сондай-ақ, Шілменбет бидіӊ "Отыз жас - әр шақ", 40 жас - тер шақ, 50 жас - бел шақ, 60 жас - дер шақ деп басталатын даналық сөзі оралды. Отыз жасында орда бұзып, облыс әкімдігініӊ аппарат басшысы қызметінен ауданға әкім болған Нұрлыбек Машбекұлы жоғарыда айтып өткен 22 бірінші басшылардыӊ ішіндегі еӊ жасы, жас та болса құрметке бөленген, халық сеніміне ие болған әкім. Ауданға әкім болып келген күннен бастап Н.Нәлібаев "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" қағидасын жадында ұстады. Шиелі көшелері асфальттанып, абаттандырылып, жарықтанып, кентіміз көрікті де әсем күйге енді. Нұрлыбек Нәлібаев әкім болған тұста ауданныӊ әлеуметтік жағдайы күрт артты. Өнеркәсіп қарышты дамыды. Ауданныӊ өнеркісіп орындары сегіз айда 9 млрд. 889 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірді. 2001 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 4422 адам жұмысқа тартылды.

Табандылық танытқан аудан басшысы ауданда "Бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігін арттыру" жөнінде республикалық форум өткізді. Оған Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Мәсімов, ҚР Президенті әкімшілігініӊ басшысы, бірқатар облыс әкімдері, ұлттық компаниялар басшылары қатысты. Аудан әкімдігі ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, танымастай өзгеріп, күрделі жөндеуден өтіп, ауласы гүлзарға айналды. "Даӊқты азаматтар аллеясы" аудан орталығына сән берді. Шығыс теміржол өткелі пайдалануға берілді. Ауданныӊ аз мерзім ішінде алға жылжушылығында әкім Нұрлыбек Нәлібаевтыӊ ерен ісі, күш-жігері сайрап жатыр. Мінезі қатал көрінгенімен, жаны жайсаӊ, көппен мәдениетті қарым-қатынас жасады. 2013 жылы Шиелі ауданына әкім болып тағайындалған Мұрат Нәлқожаұлы өмірде көргені көп, тәрбиесі тереӊ, бұған дейін басшылық қызметтерде мол тәжірибе жинақтаған, келешегінен зор үміт күттіретін мемлекеттік қызметкер ретінде көзге түсті. "Ике көрген оқ жонар" демекші, облысқа танымал қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевтыӊ ұлы да әке жолын қуған екен дедік. Аз уақыт ішінде аудан халқыныӊ құрметіне бөлене білді. Ол елге қарапайымдылығымен, әділдігімен, бірсөздігімен, тез оӊ шешім қабылдауымен ұнады. 2014 жылдыӊ мамыр айында көрші Сырдария ауданы әкімініӊ ұзақ жылдар бірінші орынбасары болған, мамандығы инженер-гидротехник, экономист және экономист-бухгалтер, Қызылорда облысы қаржы басқармасыныӊ басшысы қызметін атқарып келген Сәрсенбаев Қайратбек аудан әкімі орынтағына жайғасты. Елағасы жасындағы өмірде мол тәжірибесі бар жаӊа әкім жатырқауды, елмен ұзақ танысуды былай қойып, бірден іске кірісті. Ол шағын және орта кәсіпкерлікті қолға алды. Екі жылда аудандық бюджет жыл басында 10 млрд. 532 мыӊ теӊге көлемінде бекітілсе, жыл қорытындысымен несиелерді қоса есептегенде 14 млрд. 948 мыӊ теӊгеге немесе 42 пайызға артты. Ауданныӊ өнеркәсіп орындары 2016 жылы 11 айында 24 млрд. 40 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірді. Ауданда алғаш, құс шаруашылығын дамыту мақсатындағы жобаларды іске асырды. Индустриялық-иновациялық даму бағдарламасы арқылы томпонажды цемент өндіретін "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС құрылысын бастатты. "Көкшоқы" елді мекенінде Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне арналған "Тағзым" алаӊын соқтырды. Сол жақтан Шиеліге кіреберіс қақпа орнатылды. Аудандық өлкетану музейін ашты. Ы.Жақаевтыӊ жаӊадан музей үйі соғылды. Кент орталығында №219 мектептіӊ жаӊа құрылысы аяқталды. Жаӊадан №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектеп пайдалануға берілді. Аудандық кітапхана, білім бөлімі жаӊа ғимараттарға көшірілді. Шиелі кентіндегі "Байсары" арығы бетондалып, лоток орнату жұмысын бастады. Аудандық құқық қорғау органдарыныӊ жұмысын жандардырды.

"Жергілікті полиция қызметін" құрды. Ауыл шаруашылығына мән беріп, күріш егінніӊ көлемін 11150 гектарға жеткізді. Соӊғы жылы орташа өнім гектарынан 59,2 цн құрады. Аудындық денсаулық сақтау саласына зер салып, 4 дана электрокардиограф, 12 каналдық 1 дана ЭКГ аппараты, 1 дана УЗИ аппараты сатып алынды. Қ.Иубәкірұлы аудандағы басшылық қызметінде өзініӊ ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жан-жақты қырынан танытты.Ирине, ел басқару оӊай емес. Артынан сөз ердірмей, соӊына игі істер, тұрғындар айтып жүрер жақсылықтар қалдырғанға не жетсін. Еліне етене жақын азаматтар ғана ел басқарады. 2017 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтыӊ өкімімен, ҚР Президенті әкімшілігі және Шиелі аудандық маслихатыныӊ келісімімен аудан әкімі лауазымына Ишім Оразбекұлы тағайындалды. Киелі Шиелі топырағында аунап, нәрлі суымен сусындап өскен И.Оразбекұлы осы жердіӊ төл перзенті. Инженер-құрылысшы, эконономист, тау-кен инженері мамандықтарын меӊгерген. Жас кезінен еӊбекте шындалып, қай қызметте болмасын өзін танытып келген. Ауыл шаруашылығы басқармасында бас инженер, Шиелі ауданы әкімініӊ орынбасары, Шиелі кентініӊ әкімі, №6 кен басқармасы құрылыс бөлімініӊ басшысы, "Иіркөл" кенішініӊ бастығы, аудандық мәслихатыныӊ хатшысы қызметтерін атқарған, әбден ысылған шағында аудан басшысы тізгінін қолына алды. Халықтыӊ әл-ауқатын жақсартудыӊ негізі - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту екені аян. 2017 жылы ауданда 4625 кәсіпкерлік субъектілер тіркеліп, оларда 7646 адам жұмыспен қамтылған. Жаӊа әкім И.Оразбекұлы өнеркәсіп өнімініӊ көлемін арттыру бағытында индустриялық-иновациялық даму бағдарламасымен ауданда 3 жобаны іске асыруда. Біріншісі, "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС құрылысын аяқтап, өндірісті іске қосу. Екіншісі, "Фирма Балауса" ЖШС "Бала Сауысқандық" кен орнындағы кварцитті ванадий өӊдеу және өндіру зауытын қолданысқа беру. Үшіншісі, 2017 жылы өӊірлік картаға енгізілген "Таӊ ЛТД" ЖШС "Күріш және құрама жем өндірісі" жобасын аяқтап, аудан тұрғындарыныӊ төрт түлігін көбейтуіне жағдай туғызу болып табылады. Ауданда балық шаруашылығын дамытуды алға қойып отыр. Сондай-ақ, аудан көлемін де жеміс өнімдерін көбейту мақсатында алма бақтарын егу, өсіру, "Аруана" шұбат, "Асылхан" сүт өӊдеу цехтар ашып, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асырудыӊ жолдарын қарастыруда. Аудан халқын жаппай көкеніс, бау-бақша егіп, одан мол өнім алуға жұмылдыруда. "Керемет" сауықтыру кешенін ашты. Кент орталығында балаларға арналған ойын-сауық алаӊдары салынды. Туризм саласын дамытуға ауылдарда пәрмен берді. Мінезге бай, сабырлы мәдениеті жоғары, іскер, білімді де білікті әкім, жиырма төртінші аудан басшысы Ишім Оразбекұлына Шиелініӊ 90 жылдығын атап өту, мерекелеу бұйырыпты. Туған жердіӊ тумасы үшін мұны сәттілік, бақыт, қуаныш демей, не дейміз?! Бірінші болу мансап емес, олар туған жеріне, еліне, Отанына адал қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер.

Ия, Шиелі 90 жаста. Осы жылдары ауданымызда бірінші басшылықта болған, ел басқарған азаматтардыӊ атқарған істерін еске түсірдік. 90 жыл - тарих. Біріншілердіӊ көбісі қазір өмірде жоқ. Бірақ, жарқын өмір жолдары кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді. Оларды еске ала отырып, рухтарына бас иеміз. "Өліге иман, тіріге салауат" деп көзі тірі бірінші хатшылар мен әкімдерге Шиелі халқыныӊ ыстық ықыласын білдіреміз. Біріншілерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Олар - Шиелі ауданыныӊ қалыптасуы мен өркендеуіне, экономикасы артып, мәдениетініӊ дамып, әлеуметтік жағдайыныӊ өсуіне өз үлестерін қосты, тер төгіп, еӊбектерін аямады. "Ұлым дейтін ұлтыӊ болмаса, ұлтым дейтін ұл қайдан болсын" дегендей, Шиелі ауданыныӊ жасампаз халқыныӊ арқасында осыншама қоғам қайраткерлері өсіп шықты. Олардыӊ Шиелі халқына сіӊірген еӊбектері мәӊгі жасайды. Данышпандар өз ғасырында туады, өзге ғасырда әйгілі болады. Бұл - рас сөз.

Өркен Исмаил,

ҚР Журналистер одағыныӊ мүшесі.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаныӊ мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деӊгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмніӊ еӊ жақсы үлгісі орта мектепте туған жердіӊ тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атауыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны