30.04.2017, 23:03 7381

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ көшпелі алқа мәжілісі өтті

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ көшпелі алқа мәжілісі өтті.

Қызылорда. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ көшпелі алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы А.Илназарова, аудан әкімініӊ орынбасары Б.Өтегенова және Қызылорда қалалық, Сырдария, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаӊақорған аудандық ауруханаларыныӊ бас дәрігерлері мен тиісті бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Көшпелі алқа мәжілісіне қатысушылар еӊ алдымен аудандық мекемелер үйінде болып, ғимарат жұмысымен танысты. Мұнан кейін сала мамандарыныӊ қатысуымен аудандық мәдениет үйінде кеӊейтілген жиын өтті.

Жиын барысында "Амбулаториялық-емханалық" қызметі бар Сырдария аудандық ауруханасыныӊ бас дәрігері Манат Садықова есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Көшпелі алқа мәжілісінде аудан әкімініӊ орынбасары Б.Өтегенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабарлама жасап, сала мамандарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелерініӊ әрбір ауылды аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Мұнан соӊ аудандық аурухананыӊ бас дәрігерлері хабарлама жасап, бекітілген жоспарлардыӊ орындалу барысын жеткізді. Жиын соӊында басқарма басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, халық денсаулығын жақсарту - басты мақсат екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны