05.05.2017, 17:46 7956

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Майдан даласынан елге жеӊіспен оралған ардагерлерге арнайы сый-сияпат табысталды.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері М.Бержанов пен Д.Сақтағановты Сырдария ауданы әкімініӊ орынбасары Б.Өтегенова, облыстық ішкі істер департаменті бастығыныӊ орынбасары Қ.Қобландин және облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы С.Тұӊғышбаев бастаған сала мамандары келе жатқан Жеӊіс мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Майдан даласынан елге жеӊіспен оралған ардагерлерге арнайы сый-сияпат табысталды.

Аудан әкімініӊ орынбасары Балшекер Сұлтанбекқызы Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығын атап өтуге байланысты ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтып, аудан әкімініӊ сәлемдемесін жеткізді.

Сонымен бірге, бүгін сала мамандары қызмет бабында қаза болған полиция лейтенанты, II дәрежелі "Айбын" орденініӊ иегері Т.Қозыбаевтыӊ шаӊырағында болып, батыр ұлдыӊ ата-анасына сый-сияпат табыстады. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр - Жеӊіс мерекесімен құттықтап, игі тілектерін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны