13.07.2017, 15:37 4320

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында жер телімі кезегінде тұрғандарға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 70 учаске табысталады

Қазіргі таӊда аудан әкімініӊ тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар атқарылды. "Жаӊарту" ЖШС мекемесі бөлінген қаржыны толық игеріп, өздеріне жүктелген жұмыстарды аяқтады. Енді құжат рәсімдеу және азаматтарға жер телімдерін табыстау жұмыстары үйлестірілмек

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылында жер телімі кезегінде тұрғандарға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 70 учаске табысталады. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімініӊ басшысы Асылбек Ибдуов жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде айтты.

- Қазіргі таӊда аудан әкімініӊ тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар атқарылды. "Жаӊарту" ЖШС мекемесі бөлінген қаржыны толық игеріп, өздеріне жүктелген жұмыстарды аяқтады. Енді құжат рәсімдеу және азаматтарға жер телімдерін табыстау жұмыстары үйлестірілмек,- деді ол.

Электр желілері тартылып, тас жол төселген жаӊа көшелерде алдағы уақытта тұрғын үйлермен қатар ойын алаӊы, азық-түлік дүкені орналаспақ. Бұл жұмыстар кезеӊ-кезеӊімен іске асатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны