25.04.2017, 19:13 3984

Қызылорда облысыныӊ Статистика департаментінде Президенттіӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын Департамент ұжымы арасында талқылау бойынша жиналыс өткізілді

Департамент басшысыныӊ орынбасары жиналыс барысында Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларымен таныстырып, ұлттық сананы жаӊаша қалыптастыру, басқа елдердіӊ озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіӊіріп, пайдамызға асыру туралы түсіндірді.

Қызылорда. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитеті Қызылорда облысыныӊ Статистика департаментінде 2017 жылдыӊ 21 сәуір күні Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын Департамент ұжымы арасында талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

Департамент басшысыныӊ орынбасары жиналыс барысында Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларымен таныстырып, ұлттық сананы жаӊаша қалыптастыру, басқа елдердіӊ озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіӊіріп, пайдамызға асыру туралы түсіндірді. "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласыныӊ негізгі басты басымдықтары, яғни бәсекелестікке қабілет, саяси реформа, экономикалық жаӊғыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімніӊ салтанат құруы, сананыӊ ашықтығы, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшу, "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық", "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" бағдарлама жобаларын қолға алу және "Туған жер" бағдарламасын қайта жандандырып жалпыұлттық патриотизмніӊ нағыз өзегіне айналу туралы басымдықтар талқыланды. Сонымен қатар, аталған бағдарламалар мен басымдықтарды негізге алып, Департамент қызметі барысында толық жан-тәнімен беріліп жұмыс жасау қажеттігі атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны