22.05.2017, 17:11 5272

Қызылорда облысыныӊ табиғат қорғау прокуратурасы "Таза ауа - денсаулық кепілі" акциясын өткізді

"Қаладағы экологиялық ахуалдыӊ жақсаруын қамтамасыз ету тек бір мекеменіӊ жұмысымен ғана емес барлық мүдделі органдардыӊ жұмыла жұмыс жасауынан оӊды нәтиже беретіні сөзсіз", - деп мәлімдеді Қызылорда облысыныӊ табиғат қорғау прокуроры И.Зейнулла.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ табиғат қорғау прокуратурасыныӊ бастамасымен Қызылорда қаласында атмосфераға зиянды заттарды тастатпау тұрғысында тиісті шаралар атқару үшін 18.05.2017 - 18.06.2017 аралығында "Таза ауа - денсаулық кепілі" акциясыныӊ өткізілуі басталды.

"Қаладағы экологиялық ахуалдыӊ жақсаруын қамтамасыз ету тек бір мекеменіӊ жұмысымен ғана емес барлық мүдделі органдардыӊ жұмыла жұмыс жасауынан оӊды нәтиже беретіні сөзсіз", - деп мәлімдеді Қызылорда облысыныӊ табиғат қорғау прокуроры И.Зейнулла.

Бұл акцияны Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті, жергілікті полиция қызметі, Қызылорда "Қазгидромет" МҚК ШЖҚ филиалы, Қызылорда қоғамдық денсаулық сақтау департаменті,

Аталған акцияныӊ мақсаты - қоғам назарын экологиялық мәселелерді шешуге аудартып, қала тұрғындарыныӊ қоршаған ортаны қорғау жөнінде игі пікірлерін қалыптастырып, қала ішін тұрмыстық қалдықтардан тазарту, тасымалдаушылар мен автокөлік құралдары жүргізушілерініӊ автокөлік тастайтын ластаушы заттардыӊ құрамына қатысты экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау бойынша Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасын бұзудыӊ алдын алу және жол бермеу болып табылады.

Автокөліктерді тексеру көлікті бақылаудыӊ қозғалмалы және стационарлық бекеттерінде "газоанализаторлар мен түтін өлшегіш құралдардыӊ көмегімен" тексеріледі.

Хабарламада көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы заӊнамасыныӊ талаптарын көлік саласында өрескел бұзу деректері анықталған жағдайда, жеке және заӊды тұлғаларға қатысты ИҚБтҚРК-не сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Сондай-ақ, акция аясында Қызылорда облысыныӊ денсаулық сақтау басқармасымен қала тұрғындарына тегін флюрографиялық, артериялық қысым деӊгейлерін тексеруге мүмкіндіктер ұйымдастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны