04.04.2017, 20:15 6245

Қызылорда облысыныӊ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы тағайындалды

Облыс әкімініӊ өкімімен Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы Қызылорда облысыныӊ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Облыс әкімініӊ өкімімен Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы Қызылорда облысыныӊ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрлыбек Жолдасбаев 1955 жылы туған. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын "зоотехник-зооинженер" мамандығы бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 1972 жылы Жалағаш ауданыныӊ "Мәдениет" кеӊшарында жұмысшы болып бастаған. Өзініӊ еӊбек жолында Нұрлыбек Қалжатайұлы мемлекеттік қызмет саласы мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларын басқарған, Жалағаш және Жаӊақорған аудандарыныӊ әкімі болған.

2013 жылдыӊ шілде айынан бастап Қызылорда облысыныӊ еӊбек сласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы қызметін атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны