10.11.2018, 22:25 4962

Қызылорда облысыныӊ тарихи-мәдени мұраларыныӊ 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленді

Экспедиция ескерткіштердіӊ 3D форматтағы моделін дайындау кезінде аэрофото түсірілімін, ескерткіш орналасқан орны мен табиғи ландшафтын көрсететін сканерлеу жұмыстарын атқарып, нысандардыӊ тарихы мен аӊыз-әӊгімелері жинақталды.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ тарихи-мәдени мұраларыныӊ 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, QR-код орнатылды.

Елбасыныӊ мемлекетіміздіӊ жан-жақты дамуы үшін "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына жария еткен кезекті Жолдауында келер жылды Жастар жылы деп жариялауы және "Өз жеріӊді танып біл" атты бастамасы өткен тарихымыз бен дәстүрлеріміздіӊ асыл құндылықтарын қайта жаӊғыртып, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуда жасалған маӊызды қадам болды.

Бүгінгі жаһандану және ақпараттық технологиялардыӊ дамыған уақытында тарихи және қасиетті орындарымызды, ескерткіштерімізді кеӊ көлемді насихаттап, танып білуде соӊғы сандық технологияларды пайдалануға мүмкіндік алып отырмыз.

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеӊсе арқылы 2 жоба: "Қызылорда облысыныӊ тарихи-мәдени мұра объектілерініӊ 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу" және "Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату" жобалары сәтті жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні интерактивті карта облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ www.kyzylorda-pamyatniki.kz ресми сайтында орналастырылып, қолжетімді болып отыр. Онда ЮНЕСКО-ныӊ алдын-ала тізіміндегі нысандар, республикалық және жергілікті маӊызы бар 150 тарих және мәдениет ескерткіштері қамтылды. Интерактивті картада ескерткіштер арнайы белгілермен белгіленді, қолданушы оны басқанда өзіне қажетті ақпаратты алуына мүмкіндігі бар. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардыӊ көмегімен ескерткіштіӊ толық витруальды моделі қалыптасып, барлық ракурстан түсірілген көлемді бейнесінен кез келген нүктеден көруге болады және нысан туралы 3 (үш) тілде толық ақпараттық база дайындалды.

Осы жұмыстарды жүргізу барысында облыс орталығы мен аудандарда заманауи техникалармен жабдықталған далалық экспедиция жұмысы ұйымдастырылды. Экспедиция ескерткіштердіӊ 3D форматтағы моделін дайындау кезінде аэрофото түсірілімін, ескерткіш орналасқан орны мен табиғи ландшафтын көрсететін сканерлеу жұмыстарын атқарып, нысандардыӊ тарихы мен аӊыз-әӊгімелері жинақталды.

"Қызылорда облысыныӊ тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату" жобасы "Quick Response - Шұғыл жауап"- деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонныӊ камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. QR-кодтыӊ көмегімен интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде (мобильді байланыс тартатын, интернет қолданылатын орындар) ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Тарихи орындармен танысу барысында QR-кодты қолдану өте қызықты және ыӊғайлы интерфейс болып табылады. Тарихи мәліметтерді алумен қатар, туристер сол орында еркін бағдарлап жүре алады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.

Қорыта айтқанда, бұл жобалар өлкеміздіӊ тарихымен қызығатын кез-келген азаматтарыныӊ, оныӊ ішінде жастардыӊ ізденіс жұмыстарын жүргізуге үлкен көмегін тигізері хақ. Ирбір жас өз жері мен оныӊ тарихын танып білуі үшін жаӊа технологияларды меӊгеріп, жаӊаша өмір сүруге үйренудіӊ жолдарын білуі тиіс. Осы орайда, аталған жобалар тарихи-мәдени мұраларымыз туралы кеӊ-көлемді ақпарат алу және насихаттау жұмыстарында таптырмас құрал болып табылады деп есептейміз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны