09.06.2017, 18:28 4482

Қызылорда облысыныӊ Тереӊөзек кентінен озат оқушы Ғанибек Қазантаев Астанадағы көрмеге барады

Кеше аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтыӊ қаржылай қолдауы озат оқушы Олжастыӊ қолына табысталды.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Тереӊөзек кентіндегі №210 О. Ибілпаттаев атындағы орта мектептіӊ 7-сынып оқушысы Олжас Батырбекұлы халықаралық көрменіӊ әсем қала Астанада өтетінін естіген сәттен бастап, бас қалаға баруды армандағандардыӊ бірі. Оқуда озат, тәртіпте үлгілі өренніӊ бұл арманы жақында шындыққа айналды. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев игілікке ұмтылған озат оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Бұл ел ағасыныӊ жастарға деген қамқорлығы, қолдауы, көмегі десек жарасады.

Кеше аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтыӊ қаржылай қолдауы озат оқушы Олжастыӊ қолына табысталды. Қуаныш құшағындағы жас жеткіншектіӊ жанарынан шаттық нұры көрініс тапқан керемет сәтке біз де куәгер болдық. Аудан әкімініӊ зор қолдауына ие болған Олжастыӊ білімділігі өзге оқушыларға үлгі екені анық. Тәртіпті де тәрбиелі оқушыға аудан басшысыныӊ атынан өзініӊ және әкесініӊ бас қалаға барып келуіне толықтай жететін қаражат тапсырылды. Өз кезегінде жас өрен аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлына риясыз алғысын білдірді.

- "Армандар орындалады" деген ұғымға бүгіннен бастап сенемін. Міне, меніӊ арманым орындалды. Астанаға барып, көрмені көру мен үшін зор қуаныш. Алдағы уақытта сабақты жақсы оқимын. Ұстаздарымныӊ сенімін ақтаймын. Аудан әкімі Ғанибек ағаға зор алғыс айтамын,- деген О.Батырбекұлы енді бас қалаға баратын күнін асыға күтетінін де жасырмады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны