12.05.2017, 14:18 5428

Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік бойынша онлайн режимде интерактивті сабақ өткізді

Облыс аумағындағы 20 мектепті қамтыған интерактивті сабақ барысында құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін және төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардыӊ іс-әрекеттері жөнінде айтты.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Су айдындарында болатын қайғылы жағдайлардыӊ алдын-алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында "Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ" құтқарушылары Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізді. Облыс аумағындағы 20 мектепті қамтыған интерактивті сабақ барысында құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін және төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардыӊ іс-әрекеттері жөнінде айтты.

Қызылорда облысыныӊ білім басқармасыныӊ "Дарын" ғылыми практикалық орталығында мекеме басшысыныӊ орынбасары Мирамбек Доспенбетов және сүӊгуір бөлімініӊ бас құтқарушысы Ролан Ибдіқалықов су айдынында зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар олар судағы қауіпсіздік ережесін, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны