11.05.2017, 15:46 4086

Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаментінде 17 жас қызметкер ант қабылдады

Кәсібилігі мен өзініӊ қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 9 қызметкерге ведомстволық марапат, 22 қызметкерге алғыс хат берілді. 4 қызметкерге кезекті арнайы атағы тапсырылды.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімініӊ алаӊында Отан қорғаушылар күні мен Жеӊістіӊ 72 жылдығына арналған салтанатты іс - шара өтті,- деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерініӊ басшылары, ардагерлер қызметте жүріп қаза болған қызметкерлерді минуттық үнсіздікпен еске алып, олардыӊ ескерткіштерін гүл шоқтарын қойды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов жиынды салтанатты түрде ашып, бізге бейбіт күн сыйлаған ардагерлер мен тыл еӊбеккерлеріне алғысын білдірді.

Кәсібилігі мен өзініӊ қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 9 қызметкерге ведомстволық марапат, 22 қызметкерге алғыс хат берілді. 4 қызметкерге кезекті арнайы атағы тапсырылды.

Іс - шара салтанатты ант беру рәсімімен жалғасты. Ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Т.Ботабаев жас қызметкерлердіӊ халық алдындағы үлкен жауапкершілікті абыроймен алып жүруіне тілек білдірді. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарыныӊ қызметінен 17 жас қызметкер ант қабылдады.

Іс - шара соӊында Қызылорда облысы ТЖД бөлімшелері ескерткіш алдында әскери тәртіппен туды биік көтеріп, салтанатты маршпен жүріп өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны