05.10.2018, 15:01 5640

Қызылорда облысыныӊ тұрғындары "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына 15 қазанға дейін өз өтініштерін ұсына алады

Қызылорда облысында бүкіл республика өӊірлеріндегідей "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ II кезеӊі басталды.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында бүкіл республика өӊірлеріндегідей "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ II кезеӊі басталды. Байқауда бағын сынағысы келетіндер 15 қазанға дейін өз өтініштерін http://100esim.el.kz/kz порталына жүктей алады. Үміткерлерді сарапшылар тобы сараптап, іріктейді.

Аталмыш жобаныӊ мақсаты - табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанныӊ дамуына елеулі үлес қосқан адамдар өмірі және кәсіби тәжірибесін үлгі ете отырып насихаттау.

Жобаға әр қоғамдық ұйым, бірлестік елге ерекше қызмет еткен және едәуір кәсіби жетістіктерге жеткен үміткерлерін ұсына алады. Сонымен бірге, үміткерлердіӊ өзін өзі ұсынуға мүмкіндігі бар.

Үміткерлерді таӊдау критерилері:

oүміткердіӊ кәмелет жасқа толған болуы (18);

oқызмет саласында елдіӊ жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерініӊ, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерініӊ болуы;

oүлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еӊбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еӊбек қызметініӊ болуы;

oқазіргі Қазақстанныӊ дамуына қосқан нақты үлесініӊ болуы;

oқазіргі Қазақстанныӊ, оныӊ табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерініӊ жарқын үлгісі бола алатын тұлға болуы шарт.

Биыл жобаныӊ жұмыс тобы жастарға ерекше ден қойып жатыр. Бұл жоба өз ортасыныӊ көшбасшысына айналған, озық ойымен, білімімен дараланатын азаматтардыӊ көпшілікке танылуына мол мүмкіндіктер жасайды. Ал жастар өз замандастарыныӊ жетістігінен, болмаса да үлгі алып, ұқсап бағары анық.

Аталған жобаға аудан әкімдіктері мен ҮЕҰ-дардыӊ белсене атсалысуы қажет екенін тағы бір назарларыӊызға саламыз, деп хабарлайды облыстық "Рухани жаӊғыру" орталығы.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Ұлт мақтанышы біздіӊ бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздыӊ жетістіктерініӊ тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы арқылы іске асырған жөн.

Еліміздіӊ Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезеӊ. Ирине, жасалған жұмыстардыӊ маӊызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардыӊ тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанныӊ әрбір жетістігініӊ артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ тарихы.

Жобада нақты адамдардыӊ нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанныӊ келбеті көрініс табады.

Біз "Жаныӊда жүр жақсы адам" деген сөздіӊ байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзініӊ еӊбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардыӊ жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудіӊ жаӊа мультимедиалық алаӊын қалыптастыру.

3. "100 жаӊа есім" жобасыныӊ өӊірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздыӊ алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны