06.06.2017, 16:30 4328

Қызылорда облысыныӊ ТЖД саласындағы үздік медицина қызметкері анықталды

Өзін-өзі таныстырып, тестілеуден өткен үміткерлер практикалық тапсырма аясында (жасанды тыныс беру, жүрекке жанама массаж жасау, қан кеткенде, аяқ - қол жарақаттанғанда көмек көрсету) шұғыл медициналық көмек көрсетуден сайысқа түсті.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" Қызылорда облысы бойынша филиалы мен ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі біріге отырып медицина күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде "Үздік медицина қызметкері" атты сайыс өткізілді.

Өзін-өзі таныстырып, тестілеуден өткен үміткерлер практикалық тапсырма аясында (жасанды тыныс беру, жүрекке жанама массаж жасау, қан кеткенде, аяқ - қол жарақаттанғанда көмек көрсету) шұғыл медициналық көмек көрсетуден сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысымен ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары" АҚ филиалыныӊ дәрігері Берік Мәдиев 1-ші орынға ие болды. 2-ші орынды ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалыныныӊ бөлім басшысы, дәрігер Азамат Есахаев иеленсе, 3-ші орынға ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары" АҚ филиалыныӊ дәрігері Ақмарал Құланбаева лайық деп танылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны