18.09.2017, 16:34 4306

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш аудандық прокуратурасыныӊ араласуымен тиісті жол белгілері орнатылды

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш аудандық прокуратурасы аудандық әкімдікпен және аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, қадағалау аймағындағы қылмыстық құқықбұзушылықтыӊ басым көпшілігі болып табылатын ұрлық пен көше қылмыстарын төмендету бойынша жұмыстар атқаруда.

Қызылорда. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жалағаш аудандық прокуратурасы аудандық әкімдікпен және аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, қадағалау аймағындағы қылмыстық құқықбұзушылықтыӊ басым көпшілігі болып табылатын ұрлық пен көше қылмыстарын төмендету бойынша жұмыстар атқаруда. Қылмыстардыӊ көп бөлігі түн мезгілінде және көше бойындағы жарық беру бағаналары орнатылмаған, қараӊғы жерлерде орын алады - деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Бұған қоса, ауданда орналасқан жеке немесе мемлекеттік мекемелер өздерініӊ иелігіндегі заттарды немесе бұйымдарды ашық жерлерде қалдырып, күзет қызметтерін қатаӊдатпау салдары өте үлкен әсерін тигізген болатын.

Бірлесіп атқарған жұмыстардыӊ барысында кент және ауылдардағы орталық көшелерге, қылмыс көп жасалған орындарға жарық бағаналары қойылды және аудандағы барлық маӊызды объекті егелерімен бейнекамералармен жабдықтау жөнінде меморандумға сәйкес 32 орынға камералар, темір есіктер орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

"Медицина, халыққа қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету және басқа да уәкілетті органдарыныӊ өкілдерін қатыстыру арқылы топ құрылып, аудан орталығынан алыс-шалғайда тұрып жатқан тұрғындар мен шаруашылық жұмысшыларымен кездесулер өткізіліп, олардыӊ сұрақтарына жауаптар беріліп, түсіндірмелер жүргізіліп, мұқтаж болып жүрген қызмет түрлері көрсетіледі", - деп атап өтті Жалағаш ауданыныӊ прокуроры С.Будықов

Бұдан басқа, аудандық прокуратурамен жол-көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу қолға алынып, тереӊ талдау жасалып, қажетті және тиісті жол белгілерініӊ болмауы салдарынан жүргізушілермен оӊды-солды жүре беретіндіктері, оныӊ соӊы өкінішті оқиғаға алып келетінін көрсетті.

Бұл орайда, уәкілетті органдарға тиісті қадағалау актісі және олардыӊ жұмысына пәрмен беріліп, нәтижесінде қажетті жерлердіӊ барлығына (218 орын) тиісті жол белгілері орнатылды.

Осы жұмыстар аясында Қызылорда қаласына жеке такси автокөліктерімен жолаушылар тасымалдау жағдайы жабайылыққа салынуы тоқтатылып, уәкілетті (салық) органдарға тіркеліп, күнделікті жолға шығар алдында техникалық және медициналық қараудан өтуі қамтамасыз етіліп, жолаушылардыӊ өмірлері мен денсаулықтарыныӊ қауіпсіздігі қорғалды.

Нәтижесінде, жол қақтығыс оқиғалары 64% төмендеді,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны