26.05.2017, 15:59 5038

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданыныӊ мектептерінде соӊғы қоӊырау салтанаты болып өтті

Шара барысында Қазақстан Республикасыныӊ мерейлі мерекелеріне арналған флеш-моб биі, 1-сынып оқушыларыныӊ қатысуымен "Жұлдызшылар айдары" атты сахналық көрініс, "Үздік оқушылар шеруі", "Аманат" тапсыру рәсімі өтті.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданыныӊ мектептерінде соӊғы қоӊырау салтанаты болып өтті. Мектеп - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, "білім" деген байлықты алып, өміріӊе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардыӊ елесі қалар, ерке балалығыӊныӊ куәсі болар бірден-бір киелі мекен - мектептегі мерекеге орай Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте де "Сыӊғырла, соӊғы қоӊырау" атты шара ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Т.Дүйсебаев, аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық білім бөлімініӊ басшысы Г.Ердәулетова,, білім саласыныӊ ардагерлері мен ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасыныӊ мерейлі мерекелеріне арналған флеш-моб биі, 1-сынып оқушыларыныӊ қатысуымен "Жұлдызшылар айдары" атты сахналық көрініс, "Үздік оқушылар шеруі", "Аманат" тапсыру рәсімі өтті.

Шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаӊадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.

-Алда ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ сынамасы күтіп тұр. Осы сынақта бүгінгі мектеп бітіріп отырған жас түлектер жоғары деӊгейден көрінеді деп үміт артамыз. Елбасы биылғы жылғы "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында табысты болудыӊ еӊ іргелі басты факторы білім екенін, жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді" -деп атап көрсеткен болатын. Егемен еліміздіӊ ертеӊі дені сау, рухы биік ұрпақтыӊ қолында. Сіздер күш-жігерлеріӊізді тәуелсіз еліміздіӊ экономикасын көтеріп, байлығын арттыруға жұмсайтындықтарыӊызға сенеміз- деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Жиын қоӊырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерініӊ вальсімен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны