13.06.2017, 14:58 3414

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданыныӊ тұрғындары Астанаға көрмеге аттанды

Жаһан жұртшылығыныӊ назарын аударып отырған "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне облыс орталығындағы теміржол вокзалынан 100-ге жуық жалағаштық аттанды.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Жаһан жұртшылығыныӊ назарын аударып отырған "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне облыс орталығындағы теміржол вокзалынан 100-ге жуық жалағаштық аттанды. Олардыӊ басым көпшілігі кент әкімшілігі, мәдениет бөлімі және білім бөлімініӊ қызметкерлері. Олар әлемніӊ жүздеген мемлекетініӊ озық инновациялық идеялары мен ғылыми, мәдени жетістіктері орналасқан павильондарды бір тәулік бойы аралайды. Көрме аумағында өткізілетін концерттер мен таӊғажайып шараларды тамашалайды.

Жалпы Жалағаш ауданында 3600 адам "ЭКСПО-2017" көрмесіне баруға ниет білдіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны