12.07.2017, 15:41 3498

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш кентінде еліміздіӊ өзге өӊірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі болып өтті

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш кентінде "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өӊірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету аясында еліміздіӊ өзге өӊірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі болып өтті

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысыныӊ Жалағаш кентіндегі мәдениет және өнерді дамыту орталығында "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өӊірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету аясында еліміздіӊ өзге өӊірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі болып өтті.

Кадр тапшылығын туындатқан мәселелерді шешіп, жастар арасында жұмыссыздық деӊгейін азайтуды көздеген бағдарламаға орай ұйымдастырылған шарада Солтүстік Қазақстан облысы Аққайыӊ ауданыныӊ жұмыспен қамту орталығыныӊ маманы З.Хасьянова мен Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева, бас маманы Г.Халықова қатысып, аудан тұрғындарына кеӊес беріп, парақшалар таратты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны