18.01.2007, 18:25 3033

Қызылорда облысының жаңа әкімі мамандарды алмастыруда асығыстық жасағысы келмейді

ҚЫЗЫЛОРДА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының жаңа әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед өзіне сеніп тапсырылған өңірде алдағы айларда мамандарды алмастырумен айналысуға құлқы жоқ екенін айтып, облыстық департаменттер мен басқармалардың жетекшілерін сендірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тіпті қандайбір ауыс-түйіс жасауға айрықша қажеттілік туындаған жағдайда да мен жергілікті мамандарға арқа сүйеуге тырысатын боламын",- деді М.Құл-Мұхаммед облыс әкімінің жанындағы тұрақты кеңестің жиынында. Облыс атқамінерлерімен ауқымды кездесу алғаш рет осында өтті.

Қазір М.Құл-Мұхаммед аудан әкімдерінің халыққа есеп беру жиындарына қатысу арқылы Арал өңіріндегі тауқыметтермен танысуда. Атап айтсақ, ол Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Тасыбайдың есеп беру жиынына қатысты.

Соңғы айларда бұл ауданды әкімінің міндетін атқарушы басқарған. Сол себепті М.Құл-Мұхаммед жаңа әкім ретінде облыстық мәслихаттың депутаты Өмірбек Шәменовтың кандидатурасын таныстырды. Ол бұған дейін Арал өңіріндегі күріш өсіру жағынан ең жетекші шаруашылықтардың бірін басқарған.

Жергілікті тұрғындар кандидатураны қолдады. "Идетте әкімдерді тағайындау - күрделі әрі ұзаққа созылатын шаруа. Дегенмен, халықтың осындай ықыласын байқап, кандидатураны жоғарғы жақтың келісімінсіз-ақ ұсынып отырмын",- деді М.Құл-Мұхаммед.

Жаңа облыс әкімінің №1 бұйрығымен Өмірбек Шәменов Жалағаш ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны