12.05.2017, 14:20 7095

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында облыстық ІІІ малшылар слеті өтеді

Жаӊақорған ауданындағы "Үсен бауы" жайлауында 13-14 мамыр күндері облыстық ІІІ малшылар слеті өтеді. Оған 7 млн теӊгеге жуық қаржы да бөлінді.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Жаӊақорған ауданындағы "Үсен бауы" жайлауында 13-14 мамыр күндері облыстық ІІІ малшылар слеті өтеді. Оған 7 млн теӊгеге жуық қаржы да бөлінді. Осы шараға дайындық барысы жөнінде аудан әкімі Ғалым Иміреев Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында кеӊінен айтып берді.

Аудан әкімініӊ айтуынша малшылардыӊ ІІІ облыстық слетіне ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР АШМ ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті, "Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Қазақ микробиология және вирусология" ҒЗИ басшылары, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, "Қазақ егін шаруашылығы ҒЗИ" ғылыми қызметкерлері мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан облыстарынан өкілдер келеді деп күтілуде.

Слеттіӊ бірінші күні "Жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ мал өнімдері өндірісіндегі кооперациялаудыӊ маӊызы" атты практикалық семинар өткізіледі. Екі күндік іс-шарада барлық облыстардан келген ауыл шаруашылығы саласыныӊ мамандары арасындағы ө ара іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, шара барысында аймақтыӊ үздік малшылары марапатталмақ.

Облыстық ІІІ малшылар слеті ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған түрлі жарыстар мен белгілі өнер иелерініӊ гала концертіне ұласады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны